Untitled Document

Әңгіме - Мазаны алған бала

Үйдің телефоны түнгі үш жарымда шырылдайды. Ұйқылы-ояу төсегінен атып тұрған адам есеңгіреп телефонды көтереді. Телефонның арғы жағындағы адам анасы еді. Уайымдап “бір келеңсіз жағдай болды ма, не болды екен?” деп қорқып кетеді. Анасы қалыпты, баяу дауыспен:

– Қалайсың балам, жағдайың жақсы ма?-дейді.

Ұлы абыржыған қалыпта жауап береді:

– Жақсымын анашым. Тыныштық па, не боп қалды, өзіңіз қалайсыз?

– Бізде бәрі жақсы балам, тыныштық. Сенің даусыңды естігім келді.

– Анашым сол үшін телефон шалдыңыз ба маған, сағатты қараңыз түнгі үш жарым, таңертеңгісін де сөйлессек болар еді ғой.

– Не болды мазаңды алып қойдым ба балам?

– Иә анашым мазамды алдыңыз.

– 30 жыл бұрын сен де дәл осы уақытта менің мазамды алған едің. Туған күнің құтты болсын құлыным!..

Жанұя - Көгерген көшет

Жаңадан үйленген екі жас алғашқы айларында-ақ тұрмыстарының өздері ойлағандай болмай шыққандығын түсіне бастады.

Негізі бір-бірін жақсы көретін. Екеуі де ажырасуды қаламайтын бірақ бұдан әрі де бұлай жалғасуын тоқтататын шешім іздеді.

Ері “маған бір ой келді” деді. “Бақшаға бір ағаш отырғызайық. Егер бұл ағаш үш ай ішінде қурап кетсе ажырасайық. Қурамай өніп кетсе бұдан былай бұл тақырыпты қозғамайтындай болайық. Ал бұл мерзім ішінде екеуміз екі бөлек бөлмеде тұрайық.”

Бұл пікір келіншегіне де ұнайды. Ертеңіне бір жеміс көшетін алып бірге бақшаға отырғызады. Арадан бір ай өтеді. Бір түні бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толы бидон бар еді...