Untitled Document

Сұхбат - Мисуак қолдану

Ауыз және тіс күтімінде мисуак, тіс тазалағыш (зубачистка), щетка және тіс жібін қолданудың да маңызы өте зор. Мисуакты тұрақты қолданғандарда тіс шірігінің тоқтағаны, тіс еттерінің мықты болғандығы, ауыз иістерінің қалмағандығы байқалады. Дәрет алып жатқанда мисуак қолдану сүннетi муаккада болып табылады. Хадис шәрифте келтірілгендей: «Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан  жетпіс есе артық.»

Мисуак, Арабстанда өсетін Эрак ағашының бұтағы. (Түзулеу) Ұшынан екi сантиметрдей қабығын ашып, ашылған жерiн бiрнеше сағаттай суға батырып қойса, сосын езетін болса, щетка сияқты ашылады. Мисуак табылмаса тіс щеткасын қолдану керек. Қолданғаннан кейін мисуакты жуып басын төмен қаратып тік тұрғызып қою керек.

Мисуактың отыздан астам пайдалары бар. Біріншісі соңғы демде иманмен жан тапсыруға себеп болады. Әйелдер мисуак орнына ораза емес кезде сүннет ниетімен сағыз шайнаулары да дұрыс.

Тамақтан кейін тістерді мисуакпен немесе тіс тазалағышпен тазалау сүннет. Бұл тазалық түрі. Тіс арасынан тіс тазалағышпен шығарылған ас қалдықтарын жұтпау керек. Бұл тазалық түрін қол жуғышта жасап, тіс арасынан шыққан қалдықтарды раковинаға тастау қажет. Дастархан басында тазалап отырғандарды жеркендіріп, мазаларын қашырмау керек.