Untitled Document

Денсаулық - Салауатты қоректену

Қоректену тек қана қарын тойдыру үшін емес, өмірдің жалғасуы және денсаулықтың қорғалуы үшін, балаларға өсуі үшін керек. Дені сау адамның қажет ететін негізгі азық элементтері мыналар:

Протеиндер: Дененің негізгі құрылымы, өсу және жетілу үшін ең басты азық элементі.

Көмірсулар: Күндік энергиямыздың көбісі осылардан алынады.

Майлар: Энергия көзі болған майлар кейбір гормондарды және жылуды бөледі.

Минералдар: Дене суының тепе-теңдігі, сүйек және оттегі үшін қажетті.

Витаминдер: Химиялық құбылыстардың көпшілігі витаминдер арқылы жүзеге асады.

Су: Ас қорыту, қалдықтардың шығуын, тіндердің тасымалдануын және дененің жылуын реттейді.

Қай элементтер қандай азық түрлерінде болады:

Ет-жұмыртқа-бұршақты дақылдар: Протеин, темір, цинк, фосфор, магний, B1, B6, B12, A витамині болады.

Сүт тобы: Кальцийдің ең негізгі көзі. Сондай-ақ протеин, фосфор, В2, В12, А витаминдері.

Нан-дәнді дақылдар тобы: Энергия және колорияның көзі. Көмірсу, протеин, А, С, В12, В1, В витаминдері.

Жеміс-көкөністер тобы: Минерал және витаминдерге қанық. Фолик қышқылы, А, Е, С, В2 витамині, кальций, калий, ферум, магний секілді минералдармен антиоксиданжағынан өте бай.

Май-шекер-қызанақ пастасы-дәмдеуіштер: Тағамдарға әдемі дәм береді және көптеген витаминдерге қанық болады, бірақ шамалап қосу керек.