Сұхбат - Тек қана Құран дейтіндер
Сұрақ: «Мен үшін тек қана Құран дәлел, басқа ешнәрсені мойындамаймын. Құранды оқып онымен амал етемін. Хадис шәрифтердің, дін ғалымдарының керегі жоқ» дейтіндердікі дұрыс па?
Жауап: Дұрыс емес, мұны айтқан адамда да, сөзінде де титімдей дұрыстық жоқ. Бұлай айтқан адамның өзі Құран кәрімге мүлдем сенбейді. Құран кәрімге сенетін адам Құран кәрімнің білдіргендеріне де сенеді. Құранның мына аяти кәрималарын кім жоққа шығара алады:
«Аллаһ және расулына мойынсұныңдар!» (Әнфал 20)
«Аллаһ және расулына мойынсұнған адам құтылады.» (Ахзаб 7)
«Ей Расулым оларға “Маған мойынсұныңдар сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді” деп айт!» (Али Имран 31)
«Аллаһқа және расулына сенбеген кәпірлер үшін өте азапты от дайындадық.» (Фәтх 13)
«Расулымның бергенін алыңдар, тыйым салғандарынан сақтаныңдар!» (Хашр 7)
«Ол пайғамбар, әдемі нәрселерді халал, жаман нәрселерді харам етеді.» (Араф 157)
«Дұрыс жолды табу үшін расулыма бағыныңдар!» (Араф 158, Нұр 54)
«Расулуллаһқа бағынған адам, Аллаһқа бағынған болады.» (Ниса 80)
«Аллаһ және расулына мойынсұнған адам жаннатқа, қарсы шыққан адам тозаққа кіреді.» (Ниса 13, 14)
«Біз барлық пайғамбарларды оларға адамдар мойынсұнсын деп жібердік» (Ниса 64)
«Аллаһпен расулдарының әмірлерін бір-бірінен айырып екеуі арасынан бір жолды ұстанғысы келген адам кәпір.» (Ниса150,151)
«Сендерге кітапты, хикметті алып келген және білмегендеріңді үйрететін бір расул жібердік.» (Бақара 151)
Бұл тақырыптағы хадис шәрифтердің бірнешеуі:
«Жәбрейіл Құранмен бірге оның түсіндірмесі болған сүннетті де алып келді» (Дарими)
«Тек қана Құрандағы халал-харамдарды қабыл етіңдер дейтіндер шығады. Біліп алыңдар, пайғамбардың харам қылуы Аллаһтың харам қылуы секілді.» (Тирмизи, Дарими)
«Маған мойынсұнған адам Аллаһқа мойынсұнған болады. Маған қарсы келген, Аллаһқа қарсы келген болады» (Бұхари)
«Кейбір тәкаппар адамдар шығады “Аллаһ Құранда білдірілгеннен басқа нәрсені харам қылмады” деп айтады. Ант етіп айтамын менің де тыйым салған, қойған үкімдерім бар. Бұлардың саны Құрандағыдан да көп.» (Әбу Дауд)