Денсаулық - Тіс күтімінде жасалатын қателер
Ауыз және тіс күтімі турасында қоғамда қалыптасқан қате пікірлер туралы маман дәрігерлер былай дейді:
- Қатты тіс щеткасы жақсы тазалайды. (Негізінде орта қаттылықты тіс щеткасын қолданған жөн.)
- Тіс пастасын көп мөлшерде қолдану. (Негізінде көп мөлшерде қолдану тістерді сызады. Пастаның мөлшері нохаттың дәніндей ғана болу керек.)
- Ас содасы және тұзбен тазалау тістерді ағартады.
- Сары тістер өте мықты болады.
- Тіс тазалауға кіріспестен бұрын пастаны және щетканы сулау керек.
- Паста қолдануды бастағаннан кейін тістер шіриді.
- Тіс шіруі генетикалық болып табылады. Не істесең де бәрібір шіриді.
- Тістерді таңертеңгілік астан бұрын тазалау керек. (Ең аз 2 рет таңертеңгілік астан кейін және жатар алдында тазалау керек.)
- Қисық тістерден құтыла алмайсың.
- Әр организм жақ сүйегіне тағылған жасанды тісті қабылдай бермейді.
- Протездерді кір жуғыш ұнтақпен жуса жақсы ағарады.
- Тісті рентгенге түсіргенде оның зияны басқа мүшелерді рентгенге түсіргеннен көбірек болады.
- Тістерді ағартқан сайын тістер сарғая түседі.
- Тіс тастарын тазалату одан да көп тіс тастарының пайда болуына жол ашады.
- Тіс тастарын тазарту тіс эмаліне зиян береді.
- Тіс тазалағанда тістің қанауы жақсы болады.
- Сүт тістер үшін пломба керек емес.
- Еркек тіс дәрігерлері тісті жақсы жұлады.
- Тіс жұлдыруда қолданылатын морфин тәуелділік қалыптастырады.
- иТіс жұлдырғанда Еуропалық морфин қолданса ауырмайды.
- Тіс ауруын тоқтату үшін аспирин, одеколон, темекі және тұз басу керек.
- Жұлдырған тістің етін қанату жақсы болады.
- Ең оңайы шіріген тісті жұлдырып құтылу.
- Жағымсыз ауыз иісі бәрінде болады, одан құтылу мүкін емес.
- Тіс сымы (скоба) тек балаларға ғана қолданылады.
- Әйелдің әр бала көтеруі бір тісін түсіреді.
- Екіқабат кезде тістер кальций кемшілігінен қанайды.
- Екіқабат кезде тіс емдету балаға зиян береді.
Ескерту: Ұмытпаңыз бұлардың бәрі қате тұжырымдар.