Untitled Document

Сұхбат - Қиыншылықтың соңы бақытқа ұласады

Бір істе қаншама көп қиыншылық болса, ол іс соншалықты ұзаққа барады. Пайғамбарымыз “Ең көп қиыншылықты мен тарттым!” деген. Олай болса хақ болған діні де қияметке дейін жалғасады.

–  Адам алейһиссалам құп-құрғақ дүниеге келді, жылдар бойы қиыншылық тартты. Кейін екі баласының біреуі екіншісін өлтірді. Бұл әке үшін өте қиын нәрсе.
–  Нұх алейһиссалам 950 жыл дінге шақырды. Қауымы Оған сенбей, ұрып соғып көп азаптады. Әр жолында өлді деп ойлап тастап кететін еді. Жәбрейіл алейһиссалам жараларын орап, қайтадан дінді уағыздауға шығатын. Кейін Аллаһу та’ала оған кеме берді.

–  Ибраһим алейһиссаламды өз қауымы отқа лақтырады. Оған қоса Исмаил алейһиссаламды құрбандық ету әмірі берілді, алайда Ибраһим алейһиссалам Аллаһу та’аланың халилі (досы) еді.

–  Мұса алейһиссалам да көп қиындық көреді. Туылған жылында бүкіл ұл балалар өлтіріледі. Көп жылдар бойы қойшы болып жүрді. Бір күні әйелі екі қабат, дала тас қараңғы және өзі шарасыз халде ұзақтан бір жарық көреді. Жарыққа барады. Онда Аллаһу та’аламен сөйлеседі. Бұл миғраж емес еді.

–  Әййуб алейһиссаламның құрттамаған жері қалмаған еді.
–  Яқуб алейһиссалам жылаудан көздерін жоғалтты.
–  Юсуф алейһиссалам құдыққа тасталды.
–  Зәкария алейһиссалам ағаштың ішінде ағашпен бірге араланды.
–  Иса алейһиссалам 30-ға жуық адамды иманға шақыру үшін көп қиыншылық тартты. Оны өлтіруге тырысты.
–  Хазреті Әбу Бәкір көп қиыншылық тартты, қаншама рет соққыға жығылды. Бәрінен бұрын иман келтірді, малын және жанын пида етті.
–  Хазреті Омар намаз оқып жатқанда шәһид етілді.
–  Хазреті Осман Құран кәрім оқып отырғанда шәһид етілді.
–  Хазреті Әлидің тартқан азаптары, Хазреті Хусейннің басынан өткендері...
–  Пайғамбарымыздың мұрагерлері де көп қиыншылық тартты. Не үшін? «Лә илаһа иллаллаһ» дегендері үшін.

Олай болса сену қиын, сендіру одан да қиын. Иман Аллаһу та’аланың құлдарына ихсан етіп берген ерекше ниғметі, сыйы. Иманы бар адам қуаныштан секіріп, билесе де орынды болады.