Untitled Document

Спорт - VII қысқы Азия ойындары

Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты үш мемлекет болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу біздің еліміз үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі.

Азиаданың ашылу 2011 жылғы 30 қаңтарда, ал жабылуы 7 ақпанда өтеді. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысады, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізіледі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылады. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келетінін атап өту керек. Елордада мәнерлеп сырғанаудан, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтеді. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізіледі.

Қысқы Азия ойындарының сапалы, жоғары деңгейде өтуі үшін спорттық кешендердің құрылысы мен инфрақұрылымдарына, қажетті шығындар мөлшеріне қатысты бірқатар жұмыстар жүргізілді. Спорт сарайлары, шаңғы, және биатлонды стадиондар, шаңғымен секіруге арналған трамплиндер салынды. «Медеу» спорт кешені мен Б. Шолақ атындағы спорт сарайы қайта жөндеуден өткізілді.

Спорт объектілердің қарқынды құрылысы мен қайта жөндеуден өтуі Қаақстандықтар үшін Азия ойындарын ең биік дәрежеде өткізулеріне жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар алдағы уақытта қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі олимпиадалық сайыстарға дайындалып, қатысуларына орасан зор мүмкіндік бермек.