Сұхбат - Хидаят
Аллаһу та’ала хидаятты екі жолмен береді. Әділетімен береді, не болмаса ихсан ретінде береді. Адам қолдарын жайып “Йа Раббым, маған хидаят бере гөр, мен дінімді дұрыс үйренгім келеді, мені бұзылудан сақта!” деп дұға етсе, Аллаһу та’ала бұлай дұға еткен құлын міндетті түрде құтқарады. Аллаһу та’ала ол құлын құтқару үшін алдынан бір сүйікті құлын шығарады. Осылай оны құтқарады. Адамның құтылуы үшін міндетті түрде бір хабаршыға, ұстазға қажеттілігі бар. Басқа түрде құтылу жоқ. Әділетімен құтылу дегеніміз осы.
Кейбіреулер бар, бұлай дұға ету ойына да кіріп шықпайды. Ішіп-жеп, ұйықтап, тұрып жүргенімен Аллаһу та’ала оны таңдап хидаят нәсіп етеді. Аллаһу та’ала оны жомарттығы үшін немесе жақсы мінезі үшін таңдайды, не болмаса бір мұсылманның дұғасын, алғысын алғандықтан таңдалады. Таңдалған болуына міндетті түрде бір себебі болады. Аллаһу та’аланың таңдаған адамдарына қосымша тағы таңдау жасауының қажеті болмайды.
Еуропа - Халық саны азаюда
Еуропа экономисттерінің Еуропа одағының келешегі туралы болжамы:
Еуропа одағының халық саны 2050 жылға қарай 50 миллионға азаятынын есептеген мамандар: «Қартайған халықпен өндіріс саласы азайып экономика төмендеуіне әсер етеді, әлеуметтік шығындар көбейеді. ЕО халқының қазіргі орталама жасы 40 болса, 2060 жылға қарай халқының орталама жасы 48 жетеді. Орталама 17% құрайтын егде адамдардың саны 2060 жылға қарай 30% асады. 550 миллионның 150 миллионын егделер құрайтын болады. Алдын алудың бір ғана жолы бар – ол да көбею» деседі.