Untitled Document

Үй үшін - Практикалық мәліметтер

– Пешке тауық салып пісіретін кезде бетіне себілетін дәмдеуіштерден ішіне салынады.

– Саңырауқұлақ дәмді болуы үшін пісуінен бес минут алдын біраз тұз және лимон суы қосылады.

– Пешке пісірілетін тауыққа 2 қасық айран, 1 қасық су қосылған қызанақ пастасы және аз ғана зәйтун майын араластырып жағылатын болса дәмдірек болады.

– Пирог жасағанда пісерінде қамыры шөкпеуі үшін, пешке салмастан бұрын 20 минуттай қамырды қалыбында ұстау керек. 

– Пісірілген көкөністер түстерін жоғалтпауы үшін бір үзім қант немесе лимон суы қосылады.

– Омлет табаға жабыспауы үшін алдымен табаны отта жақсылап қыздыру керек.

– Кесіліп ашық ауада қалған пияз зиянды болады.

– Қуырылған тауықты қайтадан ысыту үшін бөлшектеп сүзгіге қойып ішінде су қайнаған кастрөл бетіне қойып буымен ысытады.

– Кивилер қатты және шикі болса, бір түнге алма және алмұрттармен бірге целлофанды пакетке салып қойылады.

– Кекс қалыбының ішіне қамыр салмай тұрып астына қатты алюминді фольга қойылады. Піскеннен кейін оңай алынады.

– Жаңа таба алғанда ішінде азғантай су қосылған сірке суын қайнату, алдағы уақытта түбіне жабысудың алдын алады.

– Мұз қалыптарын сумен толтырмастан бұрын калыптардың ішіне апелсин, лимон секілді жеміс бөлшектері қойылатын болса декоративті мұздар алынады.