Untitled Document

Ақмола облысы

Облыс - республикамыздың сол жақ бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылған, облыс аумағы 146,2 мың шаршы км. тең.

Облыс аумағының солтүстік жағын Көкшетау (Көкше тауының ең биік құзы 947 м), Жақсыжанғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Имантау (661 м), Зеренді (587 м) тауларымен Көкшетау шыңдары орталық учаскілері алып жатыр.

Облыстың солтүстігінде аралас шөпті-қызыл бозды қарапайым, оңтүстіктік және карбониттік қара топырақты өсімдіктер және қайың-қылқан жапырақты орман алаптары өте көп (Бурабай, Зеренді және т.б.). Таулы қарағай орман базасында бірнеше курорттар, санаторийлер, демалыс үйлері, Бурабай және Зеренді аңшылық шаруашылығы құрылған. Мұнда кәсіпшілікпен қатар, құстар мен малдар жерсіндіріледі және жеке-жеке орналастырылады. Облыстың оңтүстік жағында аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдікті күңгірт қоңыр, қоңыр, ақшыл қоңыр топырақтар кең өріс алған; ұсақ шоқылардың үстінде қарағай-қайыңды орман аралдары, Ерейментау тауларында қайыңды-көк теректі ормандар. Сонымен бірге Қорғалжын мемлекеттік қорығы, Ерейментау мемлекеттік қорығы және Атбасар қорығы бар.

Түсті, қара және сирек кездесетін металлдар, құрылыс материалдары, каолин, кобальта, көмір, минералды сулар және шипалы балшықтың кен орындары бар.

Ауа райы шұғыл континенттік - жазы - ыстық, қысы - суық. Қаңтар айының орташа температурасы - -16-18 градус, шілде айында - Цельсия бойынша+19+21 градус.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері - 250-400 мм. Өзендері, тұщы және ащы көлдері өте көп.

Облыс орталығы Көкшетау қаласында орналасқан, оның негізі 1824 жылы құрылған.

Облыста 17 ауылдық аудан және 10 шағын қала, 15 поселкі, 227 селолық және ауылдық округтер бар