Untitled Document

Сұхбат - Тәрк етілген сүннеттер

Заманымызда тәрк етіліп (орындалмай) жүрген көп сүннеттер бар. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Үмметім бұзылған кезінде сүннетіме жабысқан адамға жүз шәһид сауабы бар.» (Табарани, Хаким)

Әсіресе мына сүннеттер көп тәрк етілуде:

  1. Мусафаха ету, яғни сүннетке сай қол алысу ұмытылған.
  2. Сақал сүннетке сай яғни бір ұстам ұзындықта өсіріліп жатқан жоқ.
  3. Намаздарда бас жабық күйде (тақия киіп) оқуға мән беріліп жатқан жоқ.
  4. Дәретте қолдар және аяқтар үш реттен жуылып, бармақ аралары үш реттен хилалданып (таралып) жатқан жоқ.
  5. Түшкірген адам “Әлхамдулилләһ” демей жүр. Ал мұны естіген мұсылман “ярхамукаллаһ” деуі парыз болады. Бұл да ұмытылып барады.
  6. Сәлем сүннетке сай берілмей жүр. Бұл сүннет те ұмытылып барады. Тек таныстарға ғана сәлем беру қияметтің белгілерінің бірі.
  7. Мешітке кірген адам (ол жердегілер Құран және тәсбих оқымай жатса) сәлем бермейтін болды. Мешітте сәлем беруге болмайды деген ой қалыптасқан.
  8. Дәрет алғанда көпшілік басты толығымен мәсх етпейтін болды. Тек қана парыз болған төртте бірімен шектелуде. Ал негізінде басты толығымен мәсх ету сүннет. Малики және Ханбалиде парыз болып табылады.
  9. Жаназа намазы оқылған кезде сүннет болған тәсбихаттар және мешіттерде бес уақыт намаздан кейінгі 33 реттен айтылатын тәсбихтер тәрк етілуде, намаздан кейін Аятул-Күрси оқылмай жүр.

Бір сүннетті орындаған адамға 100 шәһид сауабы берілетініне қарағанда, бір парызды орындаған адамға қаншалықты көп сауап берілетінін ойлап, әсіресе парыздарға мүлдем немқұрайлы қарамау керектігін ұмытпау керек