Оқиға - Халал азық
Ибрахим бин Әдхәм хазреттері халал азыққа қатты мән беретін еді. “Азығын халал жолмен табу үшін еңбектену, түні бойы ғибадат етіп күнімен ораза тұтудан да абзал. Өйткені барлық нәрсенің басы халал азықтан келеді” деп айтатын.
Өзі күнімен жұмыс істеп тапқан табысымен жейтін нәрселер алып достарына ұсынатын. Бір күні үйіне кеш келді. Достары:
Ол кешікті. Біз жейтін не бар болса соларды жеп жата берейік, оны күтпейік - деп шешім қабылдайды.
Сөйтіп астарын жеп, құптан намаздарын оқып ұйқыға кетеді.
Ибрахим бин Әдхәм хазреттері келгенінде оларың ұйықтап жатқандарын көріп ешнәрсе жемей аш жатқандарын ойлап қатты ренжиді. “Алып келген ұнымды ашытып жейтін нәрселер пісірейін, оянған кездерінде жеп ертеңгі оразаларына ниет етсін!” деп жейтін нәрселер дайындады.
Достары оянғандарында оның өздері үшін әуреге түскенін көріп бір-бірлеріне қарап “қараңдар, ол біз үшін қандай ауыртпалықтарға төзіп, біз туралы жақсы ойға барды. Бірақ біз оны кешкі асқа да күтпедік” деп одан кешірім сұрады.