Денсаулық - Маргаринді құрттар жемеді
Стамбулдың «Medical Park Göztepe» ауруханасының азық және диета маманы Гизем Кесервуран қалыпты табиғатта болмайтын “транс май” мөлшері жоғары болатын маргариндердің табиғи болудан ұзақ екендігін айтты. Маргариндердің бөлме температурасында ерімей, бұзылмай ұзақ уақыт тұра беретінін білдірген Кесервуран “Химиялық қоспаларының мөлшері өте жоғары болғандықтан және табиғи болмағаны үшін құмырсқалар да жанына жақындамады, өйткені олар маргаринді бір азық ретінде көрмейді. Құрт-құмырсқалардың өзі химикаттардан ұзақ жүретінін көре тұра адамдардың ас бөлмелерінде әлі күнге дейін маргарин тұтынулары ойландыратын нәрсе!” деп мәлімдеді.
Гидрогенденген яғни сутегі атомымен қаныққан май қышқылының табиғи еместігі, химиялық амалдардан өткен май екендігін білдірген Гизем Кесервуран транс май қышқылдары себеп болатын мына қасіреттерге тоқталып ескерту жасады: “Денеге алынған көп энергияның майға айналып жиналатынын білеміз. Организмде айналып жүрген шамадан тыс мөлшердегі қатерлі холлестерин бауырда бастап берген күйреу процессін басқа органдарға да таратуда.”
Маргариндер табиғи емес, жасанды. Біздің зиянды деп білетін қаныққан майлардың (сары май, ірімшік, қаймақтың) да денеде өзіндік атқаратын функциясы, пайдасы бар. Ал гидрогенденген транс майлардың денеде мүлдем функциясы жоқ.
Сонымен қатар “fast food” асханаларында, буфеттерде қолданылатын жартылай, бөлшекті гидрогенді қуыру майлары транс майлардың ауқымды көзін құрауда. Бұл майлар қайта қайта қолданылатыны үшін және өте арзан болғандығы үшін пайдаланылуда. Тағы бір маңызды транс май қышқылының көзін печенье, шоколад, вафли, кекс, майонез, чипс секілді сауда өнімдері құрайды. Бұлардың ішіндегі майлар бөлме температурасында ерімейді және өнімнің жарамдылық мерзімінің ұзақ болуын қамтамасыз етеді.
Азық және диета мамандарының берген мәліметтері бойынша транс май қышқылы жөнінде жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде печенье түрлерінің құрамында 1-30,5%, вафли түрлерінде 21,8%, чипстерде 0,7%, кекс түрлерінде 4,6%, қатпарлы (слоеный) қамыр өнімдерінде 16,3% транс май қышқылы анықталған.