Untitled Document

Бала тәрбиесі - Мультфильмдер

Психология мамандары мультфильмдердің балаларға тигізетін әсерін қысқаша былай мәлімдеді :

Мультфильмдер балалардың көңілдерін көтерумен қатар олардың фантазиясын да дамытады. Олар балалар әлемінде тек көңіл көтеруші ғана емес, сонымен қатар балаларды тәрбиелеуші болып табылады. Бірақ бұл позитивті әсерлердің барлығы кей жағдайда негатив әсерге айналып, балаларға кері әсерін тигізуі де мүмкін.

Зерттеулерге жүгіне отырып, 2-5 жас аралығындағы балалардың көрген оқиғаларына, іс-әрекеттеріне еліктеу қабілеті бар екендігін аңғарамыз. Көрген нәрсесіне еліктеп, көрген нәрсесінен сабақ алатын балалардың өмірінде, мультфильмдердің алатын орны ерекше.

Мультфильмдердің 6-11 жас аралығындағы балаларға тигізетін әсері, жоғарыда айтылғандағыдан да күштірек болады. Өйткені  бұл жас аралығындағы балаларда сену және көргенін  бағалау сияқты қабілеттері жетіледі. Осыларды ескере отырып мультфильмдердің бұл жастағы балалар үшін тигізетін ықпалының зор екендігін байқаймыз.

Ал 12-17 жас аралығындағы балалардың логика және ойлау қабілеттері жетіліп қалыптасады. Сол үшін де бұл жастағы балаларға мультфильм анағұрлым әсер ете қоймайды.

Ұрыс-соғыс тақырыбындағы мультфильмдерді көп көретін балалардың өзге балаларға қарағанда көп жанжал шығаратын, ашушаң, қыңыр, сабырсыз, қырсық екендігі байқалады. Бұдан туатын нәтиже мыналар:

  1. Бұл балалар басқаларының қайғы-қасіреттеріне көп мән бере-бермейді.
  2. Шын өмірде айналасында болып тұратын ұрыс-керістен жеткілікті дәрежеде мазасызданбайды.
  3. Айналасындағылармен ұрсысуға, оларды ренжітуге басқаларға қарағанда бір табан жақын тұрады.

Әсіресе 12 жасқа дейінгі балалар шындық пен қиялды ажырата алмау проблемасына душар болуы мумкін. Мультфильмдерде көрген- биіктен секіру, ұшу сияқты іс-әрекеттерді шын өмірде де сынап көруі мүмкін. Осылайша бала өз өмірін қауіп-қатерге тігеді.

Мұның алдын-алу:

Балалардың қандай тақырыпта мультфильм көріп жүргендерін қадағалап отыру керек. Оларды мультфильмнен де басқа нәрсеге баулу керек. Мультфильмдердің балалар өмірінде маңызды роль алуына жол бермеу керек.