Untitled Document

Сұхбат - Көңілдің қасиеті

Адамның рухани көңілі (жүрегі) сүзгішке ұқсап келеді. Тұрған жеріндегі жақсы, жаман барлық нәрсені өзіне сіңіріп алады. Бұл көңілдің ерекшелігі, қасиеті. Сондықтан жақсы жерлерде болуға, салихтермен (жақсы адамдармен) бірге болуға мән беру керек. Бұзық кітаптарды оқымау керек, хазреті Имам Раббани секілді ұлылардың құнды кітаптарын оқу керек. Өйткені жақсы, әдемі нәрселер көңілді тазартады, жарқыратады. Ал жаман, бұзық нәрселер көңілді қарайтады, ауру қылады. Соңғы демде көңілдің таза, жарық болуы өте маңызды болып табылады. Сондықтан көңілдің қараюына себеп болатын жерлерден, яғни бұзық адамдардан, бұзық ТВ, баспасөз құралдарынан, жаман жерлерден ұзақ болуға тырысу керек. 

Мұсылман барлық харамдардан ұзақ болуы тиіс. Харам дегеніміз Аллаһу та’алаға қарсы шығу деген сөз. Ахыретте жаннатпен жаһаннамнан басқа баратын жер жоқ. Өлімнің де қашан келетіні белгісіз. Өлу пәлекет емес, өлмей тұрып қамданбау, дайындығын жасамау, ахыретте не болатынын білмеу пәлекет.

Кешегі өтті, ертеңіміз беймәлім,
Бүгінгінің білу керек қадірін,
Жас өлімді ойламай ма, жоқ әлде,
Кәрі дей ме өлгендердің барлығын.

Хадис шәрифте айтылады: “Дүние үшін дүниеде қалатындай мөлшерде, ахырет үшін ол жақта шексіз қалатындай мөлшерде еңбек ет! Аллаһу та’алаға мұқтаждығыңның мөлшеріндей бағын! Тозақ отына шыдай алатыныңдай мөлшерде күнә істе!”

Жетістікке жету, бақытты болу үшін барлық істейтін әрекетімізді Аллаһ разылығы үшін істеуіміз керек. Бірлікті, татулықты жоғалтпай, өтірік, айлалардан тыйылып дұрыс адам болуымыз қажет. Ахыретте жақсы, жаман барлық адамдар өкінетін болады. Жақсылар одан да көп жақсылық жасамағаны үшін, ал жамандар жамандық жасап жақсылық жасамағаны үшін өкінеді. Қабірден біреу тіріліп келсе, қалай өмір сүрер еді? Сірә бір сәтті де бос өткізбей, тек қана ахыреті үшін амал етіп, күнә істемей, ешкімді ренжітпей өтсе керек... Ахыретке барғанымызда басымызға не келетінін, не болатынын дініміз білдіруде. Аллаһқа иман етпегендер, пайғамбарымыздың білдіргендеріне сенбегендер, ұнатпағандар, дін исламды қабылдамағандар жаһаннамда азап шегіп, жалбарынады: “Йа Раббым! Бізді қайтадан дүниеге жібер, мүлдем күнә істемейміз, тек ғибадат ететін боламыз!..” Оларға былай делінеді: “Сендер онсыз да сол жақтан келмедіңдер ме?”