Untitled Document

Сұхбат - Нәпсіміз жаратушы емес

Сұрақ: Әһли сүннет кітаптарында барлық нәрсе Аллаһтан делінеді, әрі құлдың жасаған күнәларынан сұраулы делінеді. Бұл қарама-қайшылық емес пе? Күнәларымызды нәпсіміз жаратпайды ма?

Жауап: Дінімізде қайшылық жоқ. Барлық нәрсенің жаратушы тек Аллаһу та’ала, басқа жаратушы жоқ. Нәпсіміз бір нәрседе жарата алмайды. Нәпсімізді жаратушы деп білу мутазилалықтардың пікірлері. Нәпсіміз адам мен жын секілді міндетті бір мақлұқ емес. Адам өлген кезде нәпсі жоқ болады. Міндеті де болмаған және жоқ болып кететін бір нәрсеге жаратушы деп айту қандай қателік. Иманның алты шарттарының бірі де, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену. Бұған сенбеген мұсылман болмайды.
Расулуллаһтың мұрагерлері болған Әһли сүннет ғалымдары былай дейді:

Барлық нәрсені жаратқан, тәрбие еткен, жетілдірген, әрбір жақсылықты жасатқан, жіберген тек Аллаһу та’ала. Қуат пен құдірет иесі жалғыз Ол. Ол еске түсірмесе ешкім жақсылық пен жамандық жасауды қалай алмайды. Құлдың қалауынан кейін Ол да қаламайынша, қуат пен қолайлық бермейінше, ешкім ешкімге титімдейде болса жақсылық пен жаманшылық жасамайды. Құлдың істеген әр нәрсесін Ол да қаласа, тілесе жаратады. Жалғыз Оның қалауымен ғана болады. Жақсылық пен жамандық жасауды түрлі себептермен есіне алдыруда. Есіркеген құлдары жамандық жасауды қаласа, Ол қаламайды да, жаратпайды да. Жақсылық жасауды қалаған кезеңдерінде, Ол да қалайды және жаратады. Осындай құлдардың тек қана жақсылықтар ғана жасалады. Қаһарланған дұшпандарының жаман қалауларының жаратылуын, Ол да ирада етеді және жаратады. Бұл жаман құлдары жақсылық жасауды қаламағаны үшін, олардан тек жаманшылықтар ғана кездеседі.

Демек адамдар – бір құрал, бір себеп. Катибиннің қолындағы қалам тәрізді. Сондай-ақ өздеріне бұйырған Ирадеи жузиені (таңдау еркіндігін) пайдаланып, жақсылықтың жаратылуын қалаған сауап, жаманшылықтың жаратылуын қалаған күнә жинайды. Аллаһу та’ала адамдардың қалаған нәрселерін олардың таңдауларымен жаратуын әзәлде тілеген. Істердің адам қалауымен жаратылуы, әзәлдегі иләһи ирадамен жаратылуы делінеді.