Мақала - Византия Императоры
Пайғамбарымыз Византия Императорына елші ретінде жіберген Дихиа Калби радиаллаһу анһтың айтып бергені:
Расулуллаһ, мен арқылы Византия Императорына бір хат жолдады. Константинопольге келіп жанына барғанымда хатты оған бердім. Хатты толығымен оқып біткенде Императордың жанындағы адамдардың барлығы шығып кетті. Маған жақындауымды айтып, кеңесшісі болған патрикті шақыртты. Патрик келгенде оған жағдайды айып хатты оқытты. Хатты оқыған патрик :
- “Міне біз күткен және Иса алейһиссаламның бізге сүйіншілеген ахырзаман Пайғамбары осы”-деді.
Император таң қалып одан сұрады:
- Олай болса не істеуіміз керек?
- Сені білмеймін бірақ мен оны қолдап оған мойынсұнамын. Оған иман етемін.
- Мен сен айтқан нәрсені өте жақсы білемін. Бірақ оған мойынсұнуға, яғни мұсылман болуға күшім жетпейді. Өйткені билігім қолымнан кетеді, сарайдағылар мені тірі қоймайды.
Осылайша Император мұсылман болудан мақұрым қалды. Патрик болса бірнеше жексенбі шіркеуде жиналған жұрттың алдына шықпады. Пайғамбарымызға иман еткендігін және мұсылман болғандығын білдіретін бір хат жазып жіберді. Кейін патриктің мұсылман болғандығы жайлы хабар бүкіл Константинополь қаласына да тарап кетті. Оның дін ауыстырғанын естіген христиан фанатиктері оны шәһит етті.