Untitled Document

Даналық сөздер - Өмірдегі екі нәрсе

Екі нәрсе сапасыз адамның қасиеті:

  1. Шағымданушылық.
  2. Өсекшілік.

Екі нәрсе шешілмейтін қиыншылықтарды да шешеді:

  1. Мәселені басқа жағынан алып қарау.
  2. Алдыңдағы адамның орнына өзіңді қою.

Екі нәрсе қателік жасаудың алдын алады:

  1. Болған жағдайды және ондағы адамдарды ақыл мен жүректің сүзгісінен өткізу.
  2. Ешкімнің ақысын жемеу.

Екі нәрсе адамның қадірін түсіреді:

  1. Бәдіктік
  2. Мақтаншақтық

Екі нәрсе адамды сапалы, білікті етеді:

  1. Қалауларына ие болу.
  2. Үйлесімді, бейімді болу.

Екі нәрсе адамға қосымша қасиет береді:

  1. Ораторлық және дикциялық білім алу.
  2. Түсініп тез оқуды үйрену.

Екі нәрсе адамды кері тартады:

  1. Шешім қабылдай алмау.
  2. Батылсыздық. Ынжықтық.

Екі нәрсе жаңа нәрселерді табуға жол ашады:

  1. Сапалы орта.
  2. Аздап қозушылық (қызу қандылық).

Екі нәрсе өмір бойғы еңбегіңнің босқа кетпеуін қамтамасыз етеді:

  1. Ісіңде қабілетті болу.
  2. Жақсы көретін жұмысыңды істеу.

Екі нәрсе сәттіліктің сыры:

  1. Ұсталардан ұсталықты үйрену.
  2. Өзіңді жетілдіру.

Сәттілікпен бақытқа бірдей қол жеткізудің сыры екеу:

  1. Ниеттің дұрыс болуы.
  2. Рухани зеректік.

Екі нәрсе миллиондаған адамдардың ішінен ерекшелендіреді:

  1. Қиыншылық тудырушы емес, шешуші болу.
  2. Өмірге және барлық нәрсеге жаңа (өзгеше) көзқараспен қарай алу.

Екі нәрсе дамуға кедергі болады:

  1. Түймедейді түйедей ету. (Асыра сілтеу)
  2. Бір пәлекет болуын күтіп өмір сүру.

Екі нәрсе барлық мәселеге шешім алып келеді:

  1. Күлімдеу.
  2. Үндемеу.