Untitled Document

Сұхбат - Қияметтің кіші белгілері (2)

Хадис шәрифтерде көрсетілген қияметтің басқа белгілері мыналар:

  • Ішімдік көп ішіледі.
  • Зекет берілмейді.
  • Жихад жасалмайды.
  • Жастар пасық (жұрттың көзінше күнә істейтін) болады.
  • Жақсылыққа кедергі жасалады.
  • Еркектер жібек киеді.
  • Көршілік қарым-қатынас нашарлайды.
  • Күнәға тарту артады.
  • Музыкалық аспаптар көбейеді.
  • Жансыздар да сөйлейді.
  • Аманатқа қиянат жасалады.
  • Барлық жерде музыкалық аспап шалынады.
  • Адам өлтіру көбейеді.
  • Өсімқорлық, пайыз көбейеді.
  • Некесіз балалар көбейеді.
  • Төмен адамдар үстем болады.
  • Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз, надан деп айыптайды.
  • Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды.
  • Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады.
  • Исламға бағыну отты ұстағанмен бірдей қиын болады.
  • Мешіттерде, жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады.
  • Әмри маруф пен нахй анил мүнкар жойылады.
  • Мешіттерде Құран әуенмен оқылады.
  • Кесірінен сақтану үшін адамдарға сый көрсетіледі.
  • Әйеліне бағынып, анасына қарсы шығады.
  • Дінге бағыну, жақсы мінезді болу ұят іс болып саналады.