Untitled Document

Мәлімет - Солтүстік Қазақстан облысы

Облыс 1936 ж 29 шілдеде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 ж 8 сәуірде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 ж негізі қаланды.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ.Мүсрепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М.Жұмабаев атындағы, Мамлют, Тайыншы, Тимирязев, Уалихан, Шал Ақын атындағы; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлютка, Тайынша, Сергеевка; 4 қала типтес кенттер – Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шет аймағын және Қазақ ұсақ шоқыларын алып жатыр.

Негізгі су артериясы – Есіл өзені, оның облыс аумағы бойынша ұзындығы 720 км. Көлдердің жалпы саны 3000 жетеді, жалпы көлемі 4600 шаршы км.

Облыста пайдалы қазбалардың барлық түрі дерлік анықталып, әр түрлі деңгейде зерделенген. 286 кен орындары барланған. Олардың ішінде 34-металл, 2-металл емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат және 33-жерасты сулары, олардың 6 минералды.

Облыс аумағы шет аймақтың уран-кенді, алмазды және қалайы-сирек металы бар Солтүстік Қазақстанның бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының теңгерімі бойынша қалайы — 65%, цирконий — 36%, 6%, уран — 19%, титан — 5%, вольфрам — 1% құрайтын минералды шикізат қоры анықталған. Минералды-шикізат қорын болашақта кеңейту, әсіресе оңтүстік-батыс облысында аса маңызды. Мұнда аса мағызды кен орындары және алтын, күміс, техникалық және зергерлік алмаздар, қалайы, титан, түсті және сирек металлдар, қоңыр көмір шығару рудалары бар.