Untitled Document

Мәлімет - Алматы облысы

Алматы облысы – 1932 ж 10 наурызда құрылған. 1944 ж 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. 1959-67 ж Алматы облысының құрамында болып, 1967 ж 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж Талдықорған облысы таратылып оның аудадары Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж 14 сәуірдегі № 585 жарлығы бойынша облыс орталығы Талдықорған болды.

Алматы облысы Қазақстанның оңт-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 224 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (қапшағай, Талдықорған, Текелі) және 794 ауылдық елді мекен бар. Алматы облысы батысында Жамбыл, Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солт-шығысында Шығ Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызтан Республикасымен шектеседі.

Облыстың табиғатымен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы – Бесбасқан (4442м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300 астам мұздық бар. Облыстың батысын Шу, Іле таулы үстірттерімен далалары қамтыған. Климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Жазы ыстық және қуаң. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктеммен жаз айының басында жауады.

Облыс территориясында Алматы қорығы және (Іле-Алатау және Алтынемел) екі ұлттық табиғи саябақтар бар. Жануарлар дүниесінен құстың 35 түрі, сүтқоректілердің 24-ке тарта түрі балықтардың 4 түрі ерекше қамқорға алынып Республиканың қызыл кітабына енгізілген.