Сұхбат - КӨРШІЛІК
Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай бұйырған: «Жақын көршіге, алыс көршіге, жанындағы досыңа, жолда қалғандарға және қол астындағы адамдарға жақсылық жасаңдар!»
Көрші ақысына өте мұқият болу керек, қолымен де, тілімен де зиян келтірмеу және оларды қиын жағдайға түсірмеу – дініміздің әмір еткен өте маңызды міндеттерінің бірі. Мұсылман көршісімен әрдайым жақсы қатынаста болады, қиындығына сабыр етеді.
Хадис шәрифтерде:
- Көршісінің зұлымдығынан сенімді болмаған адам - каміл мұсылман бола алмайды.
- Аллаһқа және ахыретке сенетін адам – көршісін ренжітпесін!
- Қиямет күнінде бірінші болып шағымданатындар – көршілер.
- Аллаһты және Расулын жақсы көретін адам, Олардың да өзін жақсы көруін қалаған адам – көршісімен жақсықарым-қатынаста болсын, аманатына қиянат жасамасын және жылы мәміледе болсын.
- Көршіге құрмет – анаға құрмет көрсету секілді қажет.
- Жаман көрші – жақсылықты жасырып, жамандықты жариялайды.
- Аллаһтың сүйген құлы – жаман көршінің қорлығына өлгенге дейін сабыр етеді.
- Салих көрші, ыңғайлы көлік, жақсы әрі кең баспана – адамның бақыты.
- Көршінің итіне жәбір көрсеткен кісі қөршісін ренжіткен болады.
- Жәбірейіл алейһиссалам көрші ақысы жөнінде көп айтқаны соншалық, көрші көршінің мирасынан үлес алармекен деп ойладым.
- Көп намаз оқып, ораза тұтқан, садақа берген, бірақ тілімен көршілерін ренжіткен адамның барар жері - тозақ.
- Адамның мойнында кәпір көршінің бір ақысы, мұсылман көршінің екі ақысы, ал туысқан көршінің үш ақысы болады.