Мәлімет - Қарағанды облысы
Қарағанды облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Оның аумағында көне саяси көшпелi тайпалардың орталығы - Ұлытау (Биік тау) орналасқан, осы жерде үш қазақ жүзінің өкілдері қазақ ұлтының бірлестігі мен ортақтығын бейнелейтін өз руларының таңбаларын қашаған.
1934 жылдың ақпан айында Қарағанды кеншілер кенті қала статусына ие болды. 1936 жылдан бастап Қарағанды қаласы Қарағанды облысының орталығы болып табылады. Аумағы – 428 мың ш.км. құрайды.
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасып, Қазақстан Республикасының 14 облысының 9-ымен шектеседі.
Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит-полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның аумағында Республиканың 100% марганецті рудалардың балансты қорлары, 80%-дан астам – триоксид вольфрам, 63,9% - молибден, 54,2% - қорғасын, 38,8% - мырыш, 36% - мыс, 31,9% - көмір (оның ішінде кокс көмірдің барлық 100% қоры), 100% волластонит пен родусит – астбест, 70%-дан астым барит және т.с.с. топталған.
Тасты пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша Қарағанды облысының баланстағы қорларының құндылығы 758,2 млрд.АҚШ долл. құрайды.
Жер қоймалардың қорлары мен болжаулы ресурстары 1162,0 млрд. АҚШ долл. құрайды.
Облыста металлургия мен құрылыс индустриясына арналған көптеген руда емес шикізат қорлары бар.
Аймақта 2 мұнайгаз бассейіні орналасқан, олар: Шығыс-Торғай және Шу-Сарысу ойпат ойыстары.
Қарағанды көмір бассейіні ТМД елдерінің көмір бассейіндерімен салыстырғанда ең газды болып табылады.