Оқиға - Хазреті Әлидің дәрежесі
Бір күні Сахабалар хазреті Әлидің мәртебесін білу үшін Пайғамбарымыздан былай деп сұрады:
-Ей Расулаллаһ! Хазреті Әлиге деген мұншалықты сүйіспеншілігіңіздің себебін айтасыз ба?
Пайғамбарымыз былай деді:
-Олай болса Әлиді шақырыңдар!
Біреуі Хазреті Әлиді шақыруға кетеді. Қалғандарынан Пайғамбарымыз былай деп сұрайды:
-Бір адамға жақсылық жасасаңдар, ал ол адам сендерге жамандық жасаса, не істейсіңдер?
-Жақсылықпен жауап береміз.
-Қайталап жамандық жасаса, тағы жақсылық етесіңдер ме?
-Йә, Жақсылық етеміз.
-Сендерге үшінші рет жамандық етсе не істейсіңдер?
Үшінші рет сұрағанында ешкім жауап бермеді. Үнсіз бастарын төмен қаратты.
Хазреті Әли келгенде Пайғамбарымыз одан да дәл осы сұрақтарды сұрады:
-Ей Әли! Бір адамға жақсылық етсең, ол саған жамандық жасаса не істейсің?
-Жақсылық жасаймын.
Пайғамбарымыз жеті рет сұрағанында да осы жауапты алды.
-Бәрібір жақсылық етемін Ей Расулуллаһ! Әуре болмаңыз, қанша сұрасаңыз да берер жауабым осы.
Сахабалар бұл жауапты естігеннен кейін қайран қалып Пайғамбарымызға былай деді:
-Ей Расулуллаһ! Хазреті Әлиге неліктен мұншама сүйіспеншілік артуыңыздың себебін енді түсіндік. Біз де оны қатты жақсы көреміз...