Сұхбат - Дұға ету
Дұға – сұрау дегенді білдіреді. Аш адамның жейтін нәрсе сұрауы секілді. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уасаллам” құрметі үшін деп дұға ету өте жақсы. Сол сияқты әулиелердің және салихтердің құрметіне деп дұға етудің де жаиз екедігі Хадис шәрифтерде білдірілген. Пайғамбарымыз алейхиссалам “Аллаһуммә инни әс-әлукә бихаққисса-илинә аләйкә” яғни “Иа Раббым! Сенен сұрағанда берген құлдарыңның құрметі үшін сенен сұраймын!” дейтін және “Осылай дұға етіңдер!” деп бұйырды. (Ибни Мажа)
Дұғаны дәретті болып оқу мүстаһап. Харам жейтін адамдардың дұғасы қабыл болмайды. Шүкір ету намазда уәжіп, хұтбада және барлық дұғаның алдында, тамақтан кейін және су ішкен соң сүннет. Аллаһу та’ала дұға еткендерді, Оған мойын игендерді, және жалбарынғандарды, жылағандарды жақсы көреді. Дұға ету – Аллаһу та’аланың әмірі. Бәлелердің, қиыншылықтардың кетуі үшін дұға етуіміз керек. Кешірім етуі үшін амандық беруі үшін жалбарыну керек.
Денсаулық - Темекіні тастағаннан кейін
- 20 минуттан кейін жүрек соғысы реттеледі және дене температурасы темекі шекпейтін адамдікімен теңеседі.
- 8 сағаттан кейін қандағы көміртегі диоксидінің 95 пайызы тазарады.
- 24 сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды, сау адамның жағдайына жақындайды.
- 2 күннен кейін дәм мен иіс сезу қалыпты жағдайға енеді.
- 3 күннен кейін тыныс алу жақсарады.
- 3 айдан кейін өкпе 30 пайызға артық жұмыс істейді, ішіндегі кірді сыртқа шығаруға тырысады.
- 1 жылдан кейін жүрек ауру қаупі 50 пайызға азаяды.
- 10 жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі ешқашан темекі шекпеген адамдікімен теңеседі.
- 15 жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адам қалыпына түседі.