Untitled Document

Сұхбат - Бір Ислам ғалымының хаты

Хақ та’аланың таңдаған, жақсы көрген, өзіне тартқан сендердің, мубарек жастардың хаттарын оқып берекеттенудемін. Су қосылмаған сүт сияқты таза болған жазуларыңнан ғибрат алудамын.

Сендер, қауышқан ниғметтеріңнің ұлылығын ойлап Хақ та’алаға әркез шүкір етіңдер. Шүкір ету – оның әмірлеріне мойынсұну, харамдардан сақтану деген сөз. Оған лайықты шүкірді ешкім жасай алмайды. Бірақ қолымыздан келгенше шүкір етуге тырысамыз.

Жер бетіндегі миллиондаған адамдар арасынан біздерді таңдап, сүйікті құлдарын (әулиелерін) танытып олардың сұхбаттарынан дәм таттырды. Оларды жақсы көру үлкен бақыт. Не деген керемет! сендерге шүкір ету бақытынан да нәсіп бұйырған. Ниғметтің ұлылығын танып отырсыңдар. Хақ та’ала бір адамға өзін танытып, өзіне деген махаббатын берсе, оған басқа не бермеген? Бір адамға өзін танытпаса, оған не берген?

Дүние үшін еңбек етеміз және оның бергеніне қанағат етеміз. Дүниесі өзімізден аз болғандарды көріп қолымыздағы барға қанағат және шүкір етеміз. Ахырет үшін еңбек етіп бергеніне шүкір етіп, одан да көбін сұраймыз. Ахыреті бізден үстем болғандарға қарап олар сияқты болуға тырысамыз. Хақ жолындағыларды жақсы көру керек. Оларға деген сүйіспеншілігіміздің көбейіп немесе азаюы өз әрекеттеріміздің, халдеріміздің өзгерістерін көрсететін айна секілді. Қазір күпірдің кірмеген, қаптамаған жері қалмаған тәрізді. Ислам күні батып, барлық жақты күпір және азғындық зұлымдығы қаптап алған. Өте аз адамдар жарық тауып дұрыс жолды көре алуда.

Күн Мерген шоқжұлдызында

Бүгін 22 қараша. Күн Мерген шоқжұлдызына кірді және күз маусымының 3-айы басталды. Күн бұл шоқжұлдызда 29 күн болады және 21-желтоқсанда Тауешкі шоқжұлдызына кіреді.