Untitled Document

Мақала - Мамандардан 10 алтын насихат

  • Балаларыңыздың теледидар көретін уақыттарына байланысты нақты күн тәртібін орнатыңыз. Мектепке бармай тұрып, ас кезінде және үй тапсырмаларын орындамай тұрып теледидар, видео көруіне тыйым салыңыз!
  • Теледидар, видео, компьютерлік ойындар және интернетке бөлінген уақытты ең көп 1-2 сағатпен шектеңіз!
  • Теледидарды балаңыздың көңілін көтеретін бала бағушы ретінде қолданбаңыз!
  • Теледидарды бөлменің төріне қойып үйдің ең маңызды құралына айналдырмаңыз!
  • Баланың бөлмесіне теледидар және компьютерді мүлдем қоймаңыз!
  • Балаларыңыздың қандай бағдарламаларды көретінін сіз таңдаңыз! Ол бағдарлама біткеннен соң теледидарды сөндіріп балаларыңызбен бағдарлама туралы талқылаңыз!
  • Балаларыңызға басқару пультімен канал ауыстыруына руқсат бермеңіз!
  • Қай бағдарламаның пайдалы немесе зиянды екенін сендіріп түсіндіріңіз.
  • Көретін бағдарламаларын қадағалаңыз! Әсіресе мультфильмдерді. Зиянды болғандарды өзіне мысалдар келтіріп түсіндіріңіз!
  • Теледидар каналдарында ұнамсыз болған бағдарламалар туралы пікірлеріңізді телефон шалып хабарлаңыз! Бағдарламаның қоюшылары мұндай ескертулерді әрдайым ескеретінін ұмытпаңыз!

Сұхбат - Тамақтану әдебі

  • Ниғметтерді Аллаһтан деп білу.
  • Жейтін азықтардың халал болуы.
  • Ләззаттарды Аллаһтан деп білу.
  • Ғибадат жасау үшін күш жинауға және харам істемеуге де ниет ету.
  • Қарын ашпай тұрып тамақ жемеу.
  • Таңертең және кешке тамақтану пайдалы.
  • Шақырмай тұрып дастарханға отырмау.
  • Тамақтан бұрын қолдарды жуу.
  • Түрегеп тұрып жемеу.
  • Дастарханда харам нәрселердің (ішімдік, сазды аспаптар) болмауы.
  • Денсаулығына зиянды болған нәрселерді жемеу.
  • Үй ішімен бірге отырып тамақтану.
  • Тамақ келмей тұрып дастарханға отыру.
  • Алдымен үй иесі бастауы керек.
  • Дастарханда көк шөптер және сірке суы болуы.
  • Алдымен үлкендер бастауы керек.
  • Бисмиллә айтып бастау керек.
  • Оң қолмен жеп ішу.
  • Тамақты тұзбен бастау.
  • Өте ыстық немесе өте суық күйде жемеу.
  • Нанды екі қолмен бөлу.
  • Өз алдыңнан жеу.
  • Ыдыстың шетінен бастау.
  • Үзімдер, жұтымдар кішкентай болуы керек.
  • Ақырын шайнау керек.
  • Шайнап жатқанда ауызды ашпау.
  • Жақсылап шайнамай тұрып жұтпау.
  • Ауыздағын жұтпай тұрып басқа үзім алмау.
  • Өзгенің үзімдеріне қарамау.
  • Жөтелгенде, түшкіргенде ауызды жауып жанына қарай бұрылу.
  • Тамақтану кезінде қуанышты нәрселер айту.
  • Жеркенішті нәрселерді айтпау.
  • Дастарханда су болуы.
  • Суды үш жұтыммен ішу керек.
  • Тойғаннан соң жемеу.
(жалғасы ертең)