Сұхбат - Тамақтану әдебі
- Ниғметтерді Аллаһтан деп білу.
- Жейтін азықтардың халал болуы.
- Ләззаттарды Аллаһтан деп білу.
- Ғибадат жасау үшін күш жинауға және харам істемеуге де ниет ету.
- Қарын ашпай тұрып тамақ жемеу.
- Таңертең және кешке тамақтану пайдалы.
- Шақырмай тұрып дастарханға отырмау.
- Тамақтан бұрын қолдарды жуу.
- Түрегеп тұрып жемеу.
- Дастарханда харам нәрселердің (ішімдік, сазды аспаптар) болмауы.
- Денсаулығына зиянды болған нәрселерді жемеу.
- Үй ішімен бірге отырып тамақтану.
- Тамақ келмей тұрып дастарханға отыру.
- Алдымен үй иесі бастауы керек.
- Дастарханда көк шөптер және сірке суы болуы.
- Алдымен үлкендер бастауы керек.
- Бисмиллә айтып бастау керек.
- Оң қолмен жеп ішу.
- Тамақты тұзбен бастау.
- Өте ыстық немесе өте суық күйде жемеу.
- Нанды екі қолмен бөлу.
- Өз алдыңнан жеу.
- Ыдыстың шетінен бастау.
- Үзімдер, жұтымдар кішкентай болуы керек.
- Ақырын шайнау керек.
- Шайнап жатқанда ауызды ашпау.
- Жақсылап шайнамай тұрып жұтпау.
- Ауыздағын жұтпай тұрып басқа үзім алмау.
- Өзгенің үзімдеріне қарамау.
- Жөтелгенде, түшкіргенде ауызды жауып жанына қарай бұрылу.
- Тамақтану кезінде қуанышты нәрселер айту.
- Жеркенішті нәрселерді айтпау.
- Дастарханда су болуы.
- Суды үш жұтыммен ішу керек.
- Тойғаннан соң жемеу.