Мереке - Қуанышқа толы мереке күндері
Мереке күндері - діни және ұлттық тұрғыдан өте маңызды, ұлт болып бірге тойлайтын қуанышты күндеріміз. Қасиетті күндер мен түндерде күнәлар кешірілетіндіктен мұсылмандар бұл күндері өте қуанышты сезімде болады.
Мейрам күндері барлық адамдар таза киінеді. Балаларға жаңа киімдер алынады. Кедей, жетім адамдарды қуантады. Айт намазынан кейін қабірге зиярат жасалады. Өткендердің, туысқандар мен дін ұлыларының рухына бағышталып Құран оқылады, дұға етіліп, садақа беріледі. Содан соң отбасының үлкендеріне, достарға, туыстарға, таныстарға барып хал-жағдайларын сұрайды. Осылайша, мұсылмандардың мерекелерінде Ислам қоғамының мәдени мұрасы саналатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген болады.
Сұхбат - БОС УАҚЫТ
Адам дүниеге ойын-сауық пен көңіл көтеру үшін келмеген. Дүние жұмыс және табыс жері, ахырет үшін егіс орны. Мұнда не ексең ахыретте соны орасың. Бос уақыт – құны жоқ олжа, қолайлы мүмкіндік. Пайдалы іс жасамай уақыт өткізу уақытты өлтіру деген сөз. Дүниеде жасалған әрбір істің, жұтқан әрбір деміңнің есебі қияметте сұралады.
Хадис шарифте былай бұйырылған:
«Қиямет күні бүкіл адамдар, өмірін және жастығын қайда өткізгендігінен малын қайдан тауып қайда жұмсағанынан және ілімімен амал етіп етпегенінен сұраққа тартылады.» [Тирмизи]
Өмір, ілім, мал-мүлк және дене Аллаһу та’аланың құлдарына берген капиталы. Бұл капиталды Аллаһу та’аланың білдірген жерлеріне жұмсау керек. Уақыт өткеннен кейін өкінудің пайдасы болмайды. Сондықтан жастықтың, мал-мүлктің, денсаулықтың қадірін білу керек, дүниеде ахыретте табысқа жететіндей өмір сүру керек.
Хадис шәрифте былай деп бұйырған:
«Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенің қадірін біл! Кәріліктен бұрын жастықтың, ауырмастан бұрын саулықтың, жұмыс шықпастан бұрын бос уақыттың, кедейліктен бұрын байлықтың, өлімнен бұрын өмірдің қадірін біл!» [Әбу Нуайм]