Мәлімет - Құрбандық қалай сойылады?
Алдымен тізеден келетін шұңқыр қазылады. Құрбандық малдың көзі байланады. Құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызылады. Екі алдыңғы және бір артқы аяғы біріктіріліп байланады. Үш рет құрбан айт тәкібірі айтылады. Сосын «Бисмиллаһи Аллаһу әкбар” деп тамағынан бастап сойылады. Кеңірдегі, өңеші мен екі жағында екі қан тамыры болады. Осы төртеуінің үшеуі бірдей кесілуі керек. Құрбандық тек қой, ешкі, сиыр және түйеден болады. Басқа жануарлардан немесе құстардан құрбандық болмайды.
Бір көзі көрмейтін, ақсақ, тістерінің жартысы жоқ, көзінің, құлағының және құйрығының басым бөлігі, алдыңғы немесе артқы бір аяғы кесілген, өте арық мал құрбандыққа шалынбайды.
Құрбандық еттің үштен бірін үйіне, үштен бірін көршілеріне, қалғанын кедейлерге беру мүстахаб. Барлығын кедейге беруге немесе барлығын үйде қалдыруға да болады. Терісі намаз оқитын кедей адамға беріледі немесе үйде қолданылады.
Оқиға - Маған да жаңа киім ал
Мейрам күні болатын. Адамдар балаларына жаңа киім алып жатты. Ел басшысыХазреті Омардың баласының киімі ескі еді. Балалар ескі киімді баласын мазақеткенінен бала жылап үйге кіріп келді. Хазреті Омар баласының бұл жағдайынкөріп әкелік мейірімімен қазына қызметшісін шақыртты. Жағдайын түсіндіріп:
- Маған айлығымнан кішкене аванс бересің бе?-деді. Қызметші таң қалып:
- Сіз айлығыңызды алмадыңыз ба Мырзам?
- Алдым. Мен келесі айдың айлығынан сұраптұрмын.
- Маған қолқойылған құжат берсеңіз бере аламын.
- Жарайды қандай құжат сұрайсың?
- Бір ай тағы өмір сүретініңізді растайтынқолхат сұраймын Мырзам. Осы жөнінде жазып қолыңызды қойып берсеңіз тез арадаәкеліп беремін.
- Мұндай қол қоя алмаймын.
- Онда кешірім сұраймын Мырзам. Мен аванс береалмаймын.
Хазреті Омарқызметшісінің сөзіне қайран қалып ақша алмады. Өкінішті күйде баласына:
- Көріп тұрсың балам, қызметші аға ақшабермеді. Бергенде сенің сұрағаныңды алып берер ем. - деді.
Бұл кезде бала жылағаны басылып қалды,бірақ бұл жолы Халифа жылап тұрған еді.