Untitled Document

Мереке - Айт күндері

Араб айларынан шәууәл айының бірінші күні ораза айты, зүл-хиджа айының оныншы күні құрбан айты болып табылады. Ораза айты үш күн, ал құрбан айт төрт күнге созылады.

Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені, бұл күндер – күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық сезімдері ұштасқан, қуаныш пен шаттық күндері!

Айт күндері әке-шеше, жолдас, туыс, дос пен көршінің үйіне барады. Айттан бұрын тағам пісіру, киім және тазалық жағынан дайындықтар жасалады. Айт күндері барлық адам таза киінеді.

Балаларға жаңа киімдер алынады. Жетім-жесір, пақырларды қуантады. Айт намазынан кейін қабір зияраты жасалады. Өткендердің, туыстар мен дін адамдарының рухына бағышталып, Құран Кәрім оқылады, дұға етіледі, садақа беріледі және құрбандық шалынады. Содан соң үлкендердің, дос-жарандардың, таныстардың үйіне барады.

Пайғамбарымыз Мәдинаға хижрет еткен кезде мәдиналықтардың бұрынғыдан қалған әдеттерді орындайтынын көріп, «Аллаһу Таала сендерге олардан да қайырлы екі мейрам (ораза және құрбан айтты) берді» деп, мұсылмандарға қуаныш пен шаттық күнін көрсеткен.

Сондай-ақ, Ислам ұлылары бір мұсылманның Аллаһу Тааланың бұйрықтарына бағынып, тыйымдарынан сақтанып, күнә істемей, харам нәрсе жемей өткізген күндерін де мейрам күндері деп қабылдаған. Хазреті Әли бір топтың көңіл көтеріп жатқанын көріп, бұл тойлаудың себебін сұрағанда «Бүгін мейрамымыз» деп жауап береді. Хазреті Әли «Күнә істемеген күндеріміз біздің мейрамымыз» деді.

Сонымен қатар, мұсылман жан тапсыратын кезде рақымдылық періштелерін, жұмақтағы нығметтерді көріп, оларды көру ләззатымен жан тапсыру уақыты да мұсылманның мейрамы екендігі білдірілген.

Күннің тарихы - Суэц каналының ашылуы

Ақ теңізбен Қызыл теңізді бірлестіріп, қажылық және сауда жолдарын жеңілдету үшін Сұлтан Абдулазиз ханның дәуірінде және оның Мысырлық Хидиуи Исмаил Пашаның ат салысуымен 25 сәуір 1859 ж қазба жұмыстары басталған Суэц каналы 16 қараша 1869 ж ашылды. 10 жыл 6 ай 25 күнге созылған қазба жұмыстарында 20 000 адам еңбек еткен. Ұзындығы 162,5 км ені 68-100 м аралығында.