Ертең - Айт мерекесі
Ертең мұсылмандардың «Ийд-әл-фитр», яғни Құрбан айт мерекесі. Мереке күндері мыналарды жасау сүннет:
- Ерте тұру.
- Ғұсыл алу.
- Мисуак қолдану.
- Хош иіс себу.
- Жаңа және таза киім кию.
- Араздарды татуластыру.
- Қабірді зиярат ету.
- Жүзік тағу.
- Жылы жүзді болу.
- Мешітке ерте бару.
- Мешітке бара жатқанда тәкбір айту.
- Мұсылмандарға сәлем беру.
- Мұсылмандарды құттықтау.
- Кедейлерге садақа беру.
- Туыстарға бару.
- Діндес бауырларына бару.
- Сыйлық апару.
- Қонақтарды күту.
- Көп дұға оқу, тәубе ету.
Ертең - Айт намазы қалай оқылады?
Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Жамағатпен бірге оқылады. Бірінші рәкатта субханалладан кейін әр қайсында бөлек тәкбирмен қолды үш рет құлаққа көтеріп, бірінші мен екіншісінде екі жаққа түсіріледі. Үшіншісінде кіндік астында байлайды. Фатиха мен замм сүре оқылып, руку мен сәжде жасалады. Екінші рәкатта тұрып, фатиха мен замм сүрелерін оқығаннан кейін екі қолды тағы да «Аллаһу әкбар» деп құлаққа көтереді. Үшінші тәкбирде қолды жанына түсіреді. Төртінші тәкбірде қолды көтермей, руку жасайды. Сәжде жасап, отырғаннан кейін сәлем беріледі.
Екі рәкатта неше рет қолды құлаққа апару керектігі оңай есте қалуы үшін «екі таста бір байла, үш таста бір еңкей» деп жаттап алынады.
құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!
Тәшриқ тәкбірлері оқылады
Арапа күні таң намазынан құрбан айттың төртінші күні екінді намазының соңына дейінгі 23 намазда барлық адам парыз намаздардан кейін сәлем бере сала «аллаһуммә әнтәссәлам» демей, тәшриқ тәкбірін оқуы керек.
Тәшриқ тәкбірі: Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Ла илаһә иллаллаһу. Уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лилләһил-хамд.
Парыз намаздарынан басқа айт және жұма намаздарынан кейін де оқылады. Мешіттен шыққаннан кейін немесе сөйлескеннен кейін оқу міндетті емес.