Untitled Document

Ертең - Арапа (арафа) күні мен түні

Арапа күні - құрбан айттың бірінші күнінің алдындағы күн. Арапа түні арапа күні мен құрбан айттың бірінші күні арасындағы түн.

Барлық қасиетті түндер сияқты бұл түнді де қадірлеуіміз керек.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені, арапа - Аллаһу Та’ала қадірлеген күн».

«Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі-өткен жылы, екіншісі келер жылдың күнәлары».

«Арапа күні 1000 рет Ықылас оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады». (Барлығын бисмилләһпен оқу керек).

«Арапа түні ғибадат жасағандар тозақтан босатылады».

Сұхбат - Айт мерекесіне дайындық

Айттан бұрын тағам мен киім сатып алу, үй мен айналаны тазалау істері атқарылады. Мейрам күндері барлық адамдар таза киінеді. Балаларға жаңа киімдер алынады. Кедей, жетім адамдарды қуантады. Айт намазынан кейін қабірге зиярат жасалады. Өткендердің, туысқандар мен дін ұлыларының рухына бағышталып Құран оқылады, дұға етіліп, садақа беріледі. Содан соң отбасының үлкендеріне, достарға, туыстарға, таныстарға барып хал-жағдайларын сұрайды.

Құрметті оқырман!

Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.