Ертең - Тәруия күні
Зүл-хиджа айының сегізінші күні «тәруия күні» деп аталады. Ол күні қажылар Меккеден Минаға барды. Тәруия деп аталуының сыры қажылардың ол күні зәмзәм суын ішіп қануларында. Тәруия ойлану деген мағынаға да келеді.
Ибраһим пайғамбар зүл-хиджа айының 8-түні түсінде өз баласын сойғалы жатқанын көреді. Таң атқаннан кейін “Түс Аллаһтан ба, шайтаннан ба?” деген ойға шомады. Арапа түнінде өзіне “Бұйырылған нәрсені орында” деп бұйрық келгенде Аллаһтан екенін білді. Осыдан келіп, ол күн “білу” деген мағынаны беретін арапа сөзімен аталды. Арапа зүл-хиджаның 9-күні. Басқа күн арапа деп аталмайды.
Хадис шәрифтерде былай деп бұйырылды:
«Бір мұсылман Тәруия күні (арападан бір күн бұрын) ораза тұтса және күнә сөйлемесе, Аллаһу Та’ала оны әлбетте жұмаққа апарады».
«Рақымдылық есіктері 4 түнде ашылады. Ол түндері жасалған дұға мен тәубе қабыл болады. Рамазан айты мен құрбан айттың 1-түндері, берат түні және арапа түні».
Денсаулық - Миға қан кеткенін анықтау жолы
Дәрігерлер төмендегі төрт қадамды қолдану арқылы адамдар миға қан кеткенін оңай анықтай алатынын айтты. Ең маңыздысы мидың қанауы диагнозын қою және 3 сағат ішінде бұны емдету, өткені бұл мүлдем оңай емес. Міне мына төрт нәрсенің біреуін де жасай алмаса паралич деген сөз.
- Күлімдеуін сұрау керек.
- Өте оңай бір сөйлем айтуын сұрау керек, мәселен “Бүгін өте тамаша бір күн” сияқты.
- екі қолын бірге жоғары көтеруін сұрау керек.
- Тілін сыртқа шығаруын сұрау керек.
Егер осы 4 қадамның біреуін де орындай алмаса тез арада (жедел жәрдеммен) дәрігерге жеткізу керек.
Танымал бір кардиолог осы 4 ескерту туралы былай деген:
“Егер бұл мәліметтер 10 адамға жетіп барса оннан бір адамның өмірі құтқарылғанына сенімді болыңдар.”