Тарих - Түрік (ұйғыр) қаһарманы Дильшад ханым (2)
Орнынан тұрып “қош келдіңіздер!” дейді. Мұндай мәмілені әлі ешкімге жасамағанды. Дильшат ханым белінен қылышын суырып Императорға қарай созады.
- Міне қаруым. Әскерлеріңді елімнен шығар
-Сіз үшін бұл қалауыңызды орындаймын
-Жарайды ал күйеуім Шах Жихан?
-Ол туралы кейін сөйлесейік.
Император сарайының ең әдемі бөлмелерін ашып, айтқанын екі етпей күтеді. Бейшара әйел күйеуін жіберетінін, бірге Қашғарға қайтатынын ойлайды.
Император үзілді кесілді ғашықтыққа беріліп Дильшатпен үйлену үшін барлық жолға баруды ұйғарады.
Дильшат ханым белінен қанжарын шығарып императорға “Менен аулақ жүр!” деп айғайлайды.
Император түрік қарияларынан кеңес сұрайды. Қариялар “бір түрік ауылын салдыр. Кішігірім моншасы, ағынсуы, мешіті болсын. Азанның дауысы естілсін...” дейді.
Император айтылғандарды істейді. Дильшат ханым терезесін ашқанда өз елін көргендей сезінеді. Бұл түрік ауылында теміршілер, қолөнершілер, өз елінде не болса бәрі бар.
Императордың салдырған мешіті (1765ж) үлкен аркалы, ауласы кең және өте жарық болды. Жазуларын да өзі жазады. Бұл оқиға сол жазулардан алынған...
Арада 8 жыл өтеді. Императордың махаббаты азаймайды. Күн өтуімен арта түседі. Қаншама рет есігін қағып жалбарынады:
Сені империяның ең күшті әйелі етемін, халқыңды өз қолыңа аласың, өзің басқарасың!
-Мен кәпірге күйеуге шықпаймын.
- Мен дінімді өзгертсем бұл лауазымым қолдан кетеді!
- Бір күні қанжарымды жүрегіңе сұғып өшімді аламын.
- Сенің қолыңнан өлімге де разымын.
Осыған ұқсас әңгімелер көбейген сайын императордың анасы алаңдай бастайды. Император қаладан шыққан күні жендеттері үйіне басып кіреді.
Түрік қызы байсалды, бейберекет күйде күтіп алады. Тек дәрет алып намаз оқитындай уақыт сұрайды. Намазда тәшәхудке отырған кезінде мойнына жібек жіп салып қылқындырады. Бұл пәк түрік қызымыз күлімдеп миск (әтірдей) иістенеді. Қытайлар оны (Ши-анг Фей) “әдемі иісті ханшайым” деп атап, аңыздарға ұластырған.