Untitled Document

Тарих - Түрік (ұйғыр) қаһарманы Дильшад Ханым (1)

1756 жыл. Шығыс Түркістан...

Ел, Давачи ханның билігінде тыныштықта өмір сүреді. Бірақ кейбір жерлерінде қайшылықтар шыға бастайды. Қылыштар сайланып қанды соғыстар басталады.

Давачидің дұшпандары Цинь императоры Чи-Ен-Лунгтан көмек сұрайды. Император жауыздығы, қанпезерлігі және қатыгездігімен танымал болған қолбасшысы Шао-Хуиді ұйғыр жерлеріне жібереді.

Түріктер берілмейді. Шао-Хуи де қалжыраған, шашыраған күштерді езуден тартынбайды. Тек Хожа Бурханеддинмен бауыры Хожа Жихан, бас қолбасшысы Давачидің жанында болып жан тіресіп соғысады.

Хожа Жиханның әйелі Дильшат ханым нағыз түрік қызы еді. Ер секілді атқа мініп, атқанын тигізіп, ұрғанын құлататын. Бұған Шао қолбасшының өзі де қайран қалады.

Ол туралы мәлімет жинап императорға жібереді. Оны көрген адам сұлулығынан басы айналып қалады деседі...

Император бұл сөздерден қатты әсерленеді, ұзақтан оған ғашық болады. Түріктер Иран шекарасына шегінеді. Бедехшан қолбасшы қашып келгендерді ішке алады.

Шао Хуи қалаға көз тікпегендігін тек Хожа Жиханмен Давачиді сұрайтынын айтады. Шао Хуи екі жауынгердің бастарын алып Императорға жібереді.

Дильшад ханымның болғандардан хабары жоқ еді. Шао Хуи “Дильшатты бер, осымен тоқтатамын” дейді. Шах Али келіспейді бірақ Шао-Хуидің де айласы бітпеген еді. Түрік ақсақалдарының біразын қинап олар Дилшад ханымға “Не болса да Императорға бар, халімізді айт! Әйтпесе ұрпағымыз қалмайды, бәлкім күйеуіңді де құтқарып қаларсың”-дейді.

Күйеуі үшін Дилшад ханым келіседі. Бір топ болып Пекинге келеді. Халық Дильшатты көру үшін терезелерге, есіктерге, балкондарға үйіледі... Дильшад ханым императордың алдында тіп тік қалпы тұрады! Иілуін меңзегендерге мән бермейді. Ал Император Дильшад ханымға ғашық еді.

(жалғасы ертең)