Untitled Document

Сұхбат - РАХМЕТ ПЕРІШТЕЛЕРІ

Сұрақ: Көрініп тұрған адамның суреті, жануардың суреті, жүніп адам, сазды аспаптар және ит болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді деп айтылған. Ал рахмет періштелері кірмесе, бізге келер бір зияны бар ма?

Жауап: Періште кірмеген жерге шайтан кіреді. Періштелер күнәсіз, пәк болғаны үшін дұғалары қабыл болады. Рахмет періштелері кірмесе олардың дұғаларынан махрұм қалған боламыз. Хадистерде былай деп бұйырылған:

«Сірке суын қосып тамақтанған адамдарға екі періште тамақ біткенге дейін дұға етеді.» [Ибни Асакир]

«Періштелер сәреге тұрған адамға дұға етеді.» [Имам Ахмед]

«Дін бауырының бір жұмысын істеген адамға мыңдаған періштелер дұға етеді.» [Ибни Маже]

«Періштелер, адамдарға жақсылық үйреткен адамға дұға етеді.» [Тирмизи]

«Жатарда дәретпен жатқан адамға, сол түні бір періште таңға дейін, «Я Раббым, бұны кешір» деп дұға етеді.» [Хаким]

«Дастархан басында қонақ барда періштелер үй иесіне дұға етеді.» [Табарани]

Олай болса рахмет періштелерінің жасайтын бұл дұғаларынан құр қалмау үшін, періштелердің кіруіне кедергі болатын нәрселерден ұзақ болуға тырысу керек.