Мәлімет - Батыс Қазақстан обылысы
Батыс Қазақстан облысы 1932 ж 10 наурызда құрылған (1962 жылдан 1922 жылға дейін – Орал облысы). Ол Қазақстан Республикасының солт-батыс бөлігінде орналасқан, Орта Азия мемлекеттерімен республиканың орталық және оңтүстік облыстарының қақпасы болып табылады.
1992 жылы Республика Парламенті облыс тұрғындарының өтініштеріне орай облыстың бұрынғы Батыс Қазақстан облысы атауын қайтарып берді.
Облыс Ресей Федерациясының 5 облысымен шектеседі және сыртқы шекарасының ұзындығы 1532 км құрайды. Облыс Республика ішінде Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектеседі.
Облыстың аумағы 151,3 мың шаршы километр, яғни республика аумағының 5,6 пайызын құрайды.
Облыс әкімшілік жағынан 12 ауданға және Орал қаласына бөлінген.
Облыста 2 қала: Орал қаласы - облыс орталығы, 1613 жылы құрылған және Ақсай қаласы - Бөрлі ауданының орталығы, мұнайшылар қаласы, 1936 жылы құрылған, 159 селолық және ауылдық округ, 482 елді мекен бар.
Облыс Еуропалық континенттің нағыз ортасында орналасқан. Оны Орал өзені екіге (Еуропа және Азия) бөліп тұрады. Облыста жалпы ұзындығы 4600 км болатын 200-ге жуық өзен мен өзеншелер, 144 көл бар, оның 94-і – тұзды көлдер.
Орал өңірі Азия мен Еуропаның арасын жалғастыратын көпір болып саналады, тап осы жерден бір кездері Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен болатын. Орал өңірі пайдалы кендерге өте бай, оның ішінде басымды болып газ және мұнай саналады.
Облыстың бірегей жағрапиялық жағдайы Еуразияның ортасында: Шығыс және Батыс Еуропаның ірі экономикалық және мәдени орталықтарына жақындығы, Жайық өзенін Каспий бассейні елдеріне шығу үшін пайдалану оның бүкіл Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңыздылығын білдіреді.