Untitled Document

Оқиға - Хазреті Хадишаның жасауы

Хазреті Хадижа пайғамбарымызға некелесетін кезінде “Өз қалауыңмен бай болмаған адамға тұрмысқа шықтың деп мені кішісініп жатыр. Біраз жасау жіберсеңіз мен де үстіне қосып оны көбейтіп халыққа көрсетейін және өсектен құтылайын” деп хабар жібереді.

Пайғамбарымыз сонда Хазреті Әбу Бәкірдің дүкеніне барды. Хазреті Әбу Бәкір оны қарсы алып мұңды болуының себебін сұрады. Пайғамбарымыз “Ей Қурәйш тайпасының ақылдысы! Хадижаға жіберуім үшін маған біраз нәрселер керек!” деді. Сонда Хазреті әбу Бәкір былай деді:

“Ей сенімді Мухаммед! 70 түйем Шамға сауда-саттыққа кеткен еді. Жақсы табыспен келе жатқандығын бүгін естідім. Өтінем керуеннің алдынан шығып керуен басы болған құлымнан қалағаныңызды алыңыз! Керуен басына жақсы табыспен оралсаң сый ақы ретінде сені азат етемін және жүз қызыл лира беремін дегенімді есіне салыңыз!”

Мұхаммед алейхиссалам қуанып керуеннің алдына шықты және ол құлға бір түйені көрсетіп “Мырзаң Әбу Бәкір мына түйені жүгімен бірге маған сыйға берді, саған сый ақыңды айтайын” дей бергенде жаңағы құл “Сіздің өтірік айтпайтыныңыз сөзсіз. Өзіммен бірге бүкіл түйелерді сізге пида еттім” деп түйелердің барлығын Хадижаның үйіне қарай айдады.

Болған жағдайды естіген Хазреті Әбу Бәкір Пайғамбарымыздан керуенді дүкенінің алдынан алып өтуін сұрады және үйінен артығымен алып келген әдемі және құнды маталармен әр бір түйенің жүгінің үстін жабуларын айтты.