Untitled Document

Сұхбат - Мисуак қолдану

Мисуақ – ең оңай және ең жақсы тазалағыш. “Larousse illustre Medical” атты медициналық кітапта “Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тістерге зиянды келеді. Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану” деп жазған. Тіс пасталары ауыздағы пайдалы зиянды бүкіл микроптарды өлтіреді. Ал мисуак тек зиянды микроптарды өлтіреді.

Мисуак дәреттің сүннеті. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

“Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан  жетпіс есе артық” (И. Нәжжар)

“Жабраил алейһиссалам мисуак қолдану туралы көп айтқаны соншалықты фарз бола ма деп қорқтым.” (И. Мажа)

“Ауыздарың Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар.” (Әбу Нуайм)

“Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұят, жуастық, қан алдыру, мисуак және әдемі иіс.” (Табарани)

“Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады, тіс еттерін күшейтеді, тістерді ағартады және құрттауының алдын алады, ас қорытуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді, жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Аллаһу та’аланы разы етеді, періштелерді қуантады.” (Әбу Нуайм)

Мисуактың отыздан астам пайдалары бар. Ең төмені қиыншылықты кетіреді, ең жоғарысы өлім алдында шаһадат калимасын айтуды еске салады. Мисуак өлімнен басқа барлық дерттерге шипа болады.

Пайғамбарымыз әрдайым өзімен айна, тарақ және мисуак алып жүретін. Тістер сарғайғанда, ауыздың иісі өзгергенде, ұйқыдан тұрғанда, намаз оқуға тұрғанда, үйге кіргенде, жиналыстарға кірерде, Құран оқуға бастағанда және дәрет аларда мисуак қолдану мүстаһап болады.

Мисуак қолданудың ең аз мөлшері үстіңгі тістерге үш рет, астыңғы тістерге үш рет сүрту. Мисуак қолданғанда тістердің іші, сыртын, үсті және астын үйкелеп жүргізу керек. Мисуакты оң қолмен қолдану керек. Оң қолдың кіші және басбармағы мисуактың астында қалған үш саусақ үстінде ұсталады.

Қолданғаннан кейін мисуакты жуып басын төмен қаратып тік тұрғызып қою керек. Мисуак тым ылғалды немесе тым қураған және бір қарыстан ұзын болмау керек.

Эрак ағашынан жасалған мисуак басқаларынан жақсы болып табылады. Эрак ағашы табылмаса зәйтун бұтағынан да жасауға болады. Анар бұтағынан мисуак жасалмайды.

Жаңадан алынған мисуактың ұшынан 2 см ашып балғамен ақырын ұратын болса щетка сияқты ашылады. Әйелдердің сағыз шайнаулары да мисуак орнына өтеді.