Сұхбат - Жеуі-ішуі харам болған нәрселер
- Спиртті ішімдіктер: Көп ішкенде мас қылатын ішімдіктердің азын ішу де харам болады. Шарап және бүкіл спирті бар ішімдіктердің бәрі харам.
- Есірткілер: Бұлардың естен айыратындай мөлшерлері харам болады. Аз мөлшерде дәрі ретінде қабылдау күнә емес. Бұлар: апиын, морфий, новокаин, героин сияқты заттар.
- Нәжіс: Нәжісті ішу және жеу харам. Зәр, қан, доңыз еті, бисмилләсіз сойылған малдардың еті нәжіске жатады. Ақпайтын және ауданы 25 м2 аз болған суға нәжіс түссе, үш сипаты (дәмі, түсі, иісі) өзгермесе де нәжіс болып есептеледі. Жануарға беруге, балшық жасауға болады бірақ адам іше алмайды.
- Зиянды заттар: Шыны, топырақ секілді заттарды жеу харам.
- Таза бірақ жеркенішті болған заттар: Шаян, сімгірік, шыбын, құрбақа секілді нәрселер.
- Улы заттар: Мыстан уланған тағам, улы шөп, иістенген еттер. Құрттаған етті, жемісті және сырды да жеу харам.
Ғылым және техника - Жаңбырмен келетін ризық
Бүгін ғалымдар альбуминдер және протеиндердің қалай пайда болатыны турасында былай түсініктеме беруде:
Жаңбырлы күндерде найзағай жарқылдап күн күркіреуінің әсерінен ауадағы от тегі және азот бірігіп түссіз азот моноксид газына айналады. Бұл газ от тегімен қайта бірігіп қызғылт түсті азот диоксидін құрайды. Сонымен қатар найзағаймен күн күркіреуінің салдарынан ауадағы ылғал және азоттан аммиак пайда болады.
Азот диоксиді ылғалдың әсерінен азот қышқылына айналады, бұл жолы тағы ауадағы көмір қышқылы бірігіп нитрат аммонияға және карбонат аммония пайда болады, пайда болған бұл тұздар жаңбырмен жер бетіне жауады.
Жер бетіне түскен бұл тұздар топырақтағы кальций тұздарымен бірігіп нитрат кальцияға айналады. Бұл тұздар өсімдіктер тарапынан сүзіліп өсуіне себеп болады. Бұл өсімдіктерді жеген адамдарда және жануарларда бұл элементтер түрлі протеиндерге айналуда және бұл жануарлардың еттерін, сүттерін, жұмыртқаларын жеген адамдарды азықтандыруда.