Untitled Document

Сұхбат - Жаннатқа кіретін жануарлар

  1. Салих алейһиссаламның түйесі,
  2. Ибраһим алейһиссаламның бұзауы,
  3. Исмаил алейһиссаламның қошқары,
  4. Мұса алейһиссаламның сиыры,
  5. Юнус алейһиссаламның Иунус деп аталған балығы,
  6. Узейр алейһиссаламның есегі,
  7. Сулейман алейһиссаламның құмырсқасы,
  8. Белқызға жіберілген худхуд (көкек) құсы,
  9. Әсхабы кәхвтің Қытмыр есімді иті,
  10. Мухаммед алейһиссаламның түйесі,
    Бұл жануарлар Жаннатқа қошқар түрінде кіретіні білдірілген.
    (Мишқатул-Әнуар және Ширатул-Ислам кітабы)

Сіз білесіз бе? - Денеміздегі ғажайыптар

Адам өз денесінің орасан зор завод-фабрикалардан, лабараториялардан тұратынынан хабары жоқ. Махлұқтардың ең үстемі болып жаратылған адамның денесі сансыз бөлмелерден тұратын үлкен ғимаратқа ұқсайды. Бұл үлкен ғимаратта түрлі түрлі фабрикалар жұмыс атқарады. Бұл фабрикалардың бүкіл жиһаздары кемшіліксіз орнатылған.

Адам денесінде әр түрлі және өте аралас формуладағы заттар өндіретін, түрлі химиялық реакциялар құратын, анализ жасайтын, емдейтін, тазалайтын, улы заттарды жоятын, жараларды жазатын, заттарды сүзгіден өткізетін, энергия беретін жүйе, электр желілері, басқару жүйесі, электроникалық компьютер, хабар беру қондырғысы, көру, дыбыс есту, қысым тудыру және реттеу қондырғысы, микроппен күресу және оларды жою жүйесі бар. Жүрек болса еш тоқтамай істеп тұрған күрделі бір насос.

Дене ғимаратында азық қоймасы, қауіп-қатер дабылы, жылыту жүйелері, есіту жиһаздары, дайын күш-қуат, әскери база, радарлар, бөлмелер арасындағы жолдар, таситын көліктер, асханалар, канализация желілері, обсерваториялар, мазарат сияқты керекті барлық мекемелер орын алған. Адам денесін мұқият зерттейтін болсақ осы сияқты сансыз кереметтерге куә болатынымыз анық.

(Саадати Әбәдийа)