Untitled Document

Сұхбат - Ислам діні

Әйелдерді, қыздарды қадірлемейтіндер – мұсылмандықты білмейтін надандар. Дінін білетін мұсылман қыз балаға және әйелдерге лайықты құрметті көрсетеді. Өйткені дініміз әйелдерді және қыздарды өте қадірлі еткен. Бұған байланысты бірнеше хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

“Текті және құрметті адам ғана әйелдерді қадірлейді. Оларды тек жаман және төмен адамдар қорлайды.” (И. Асакир)

“Аллаһу та’аладан жақсы (қайырлы) бала сұрадым. Маған қыз балаларды берді.” (Шира)

“Қыз балаларды қорламаңдар, өйткені мен қыз балалардың әкесімін.” (М. Жихан)

“Қыз баласына жақсы тәрбие беріп, Аллаһу та’аланың берген ниғметтерімен молшылық ішінде қоректендіріп, киіндірсе, қыз бала ол үшін береке болады. Жаханнамнан құтылып Жаннатқа оңай кіруіне себепші болады.” (Табарани)

“Базардан алғаш шыққан жемісті үйіне алып келген адам садақаның сауабын алады. Алып келген жемістерін ұл баладан бұрын қыз балаға берсін! Әйелдерін, қыздарын қуантқандар Аллаһтан қорқып жылағандар сияқты сауаб алады. Ал Аллаһтан қорқып жылағандардың денесі Жаһаннамға харам болады.” (Ибни Ади)

“Кімнің қыз баласы болып, олардың қиыншылықтарына төзіп, жақсы жетілдіріп теңімен үйлендіретін болса, бұл қыз балалары ол үшін Жаһаннамнан перде болады.” (Тирмизи)

“Үш қыз баласын тәрбиелеп теңімен үйлендірген және оларға жақсылық жасаған адам Жаннатқа барады.” (Бухари)

Күннің тарихы - Ұлықбектің қайтыс болуы

Астраномия ғалымы, Самарқант сұлтаны  Мұхаммед Тарағай бин Муинуддин  Шахрух, 1395 жылы 22-наурызда Самарқантта дүниеге келген. Сарайда жақсы білім алумен қатар Құран кәрімді жатқа үйреніп, арапшаны жетік меңгерді. Әкесі қайтыс болған соң, билікті өз қолына алып, Самарқандты астана етіп қойды. Оны 38-жыл бойы басқарды. 1449 ж 25-қазанда өлтіріліп, атасы Әмір Темірдің қасына жерленді.

Ғылымның даму тарихында ең ұлы астраномия ғалымы деген атаққа ие болды. Бұл салада Ұлықбекті дүниеге танытқан 1420 жылғы Самарқантта салдырған обсерваториясы еді. Бұл жерде 12 жыл  бойы зерттеулер жүргізіліп, ай мен жұлдыздардың координаталары көрсетілген кестелері бар Ұлықбек таблицасы 1437ж аяқталды. Ғылымға көптеген еңбектері сіңді.