Сұхбат - Хазреті Әбу Бәкірдің кебіні
Билал Хабеши хазреттері Расулуллаһтың қайтыс болуынан біраз уақыт өткен соң Мұсылмандардың анасы Айша анамыздың үйіне барып есігін қағады. Сонда Айша Сыддық анамыздың іштен жылап тұрып:
- Айрылыс отымен жанып тұрған жүректің есігін қаққан кім? – деген дауысын естиді.
- Расулуллаһтың қызметшісі Билалмын... Халіңіз қалай?
- Ей Билал! Судан ұзақта қалған балықтың халі қалай болушы еді? Бүгін түнде Расулуллаһты түсімде көрдім, періштелермен жүр еді. Қайда бара жатқанын сұрадым. Әкемнің рухын күтіп алуға бара жатқандығын айтты.
Хазреті Билал дереу Әбу Бәкір Сыддықтың жанына барып Айша анамыздың түсін айтып береді. Хазреті Әбу Бәкір оған:
-Аллаһу та’аланың атымен ант етемін, түнде мен де осы түсті көрдім. Мен қызымның қасына барайын, мені бір рет тағы көріп қалсын.
Айша анамыз әкесін қарсы алып:
-Әкешім! Саған керек болар деп таза кебін алып келдім.
- Қызым ол кебінді қоя тұр! Мұсылман болған күнімдегі киімімді маған кебін қылыңдар! Өйткені көп уақыттарымды Аллаһ сүйіспеншілігінің берген қорқуымен жылап, көз жасымды сол киімге сүртетін едім. Аллаһу та’ала сол көз жастарымның құрметіне бәлкім маған мейірім етер.
Хазреті Әбу Бәкір сол түні қайтыс болды.
Бүгін - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні
ІІ Дүние жүзілік соғысының аяғында адамзатты жаңа соғыстардан сақтап қалу үшін және елдердің қиыншылықтарына бірлесіп шара табу үшін және адам хұқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. 24 қазан 1945 ж 50 мемлекеттен құрылған бұл ұйымның әлемдік бейбітшілікке біршама пайдалары болды.
Ең соңғы болып 28 маусым 2006 ж Чернагорияның да мүше болуымен БҰҰ-на мүше елдердің саны 192 жетті.
БҰҰ-на әр түрлі дәрежелі елдер мүше. 1 300 000 000 астам халқы бар (Қытай) елдермен қоса орта есепті ауыл көлеміндей де мемлекеттер де бар.
Жер көлемі 17 000 000 км2 болған (Ресей) мемлекеттермен жер көлемі 2 км2 құрайтын (Монако) елдер де бар.