Ең үлкен алмастар
Білесіз бе...
Ең үлкен алмастар (20.04.2009)
1- Дүниедегі ең үлкен алмас “алтын мерейтой” (50-ші юбилей) деген мағындағы 545,67 караттық “Golden Jubilee” атты алмас. Бұл алмас атын 1997 жылы 50-ші тәж кию рәсімі кезінде Тайланд короліне берілуінен алған. (1 карат 0,2 гр)
2- Дүниедегі екінші ең үлкен алмас болса 1905 ж 3 106 карат күйінде табылып кейіннен 9 бөлікке бөлінген “Cullinan” алмасынан алынған “Африканың үлкен жұлдызы” “Star of Africa”. 530,2 караттық 74 жүзді бұл алмас британияның тәжіне орнатылған.
3- Дүниенің үшінші үлкен алмасы болса “Теңсіз” деген мағынға келетін 407 караттық “Incomparable” алмасы.
2001 жылға дейін сатылған ең құнды алмасты 880 000 АҚШ долларына Бруней сұлтаны сатып алған.
Қасықшы алмасы (Kasıkçı elması): Стамбулдағы Топ капы сарайы музейінде тұрған 86 караттақ бұл алмас дүние жүзіндегі ең үлкен және ең құнды 22 алмастың ішіне кіреді.
Бұл мәшхүр алмасқа неліктен “Қасықшы алмасы” деп аталғаны туралы әр түрлі аңыздары болғанымен, үлкен ықтималдықпен алмастың пішіні қасыққа ұқсауынан болса керек. Бұл алмастың айналасы екі қатар 49 дана бриллиант тастармен қоршалған.