Балалар Жаннатта шапағат етеді
Сұхбат...
Балалар Жаннатта шапағат етеді (23.06.2009)
Балалар да ахыретте әке-шешелеріне шапағат етеді.
Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:
“Балаға «Жаннатқа кір» деп айтылады. Ренжіп өзін жерге тастайды. «Әкеммен шешем болмаса кірмеймін» дейді.”
“Балалар Жаннат есігінің алдында жиналады. Барлығы айғайлап әке-шешелерін сұрайды. Айғайлаулары әке-шешелері ол жерге келгенше және әр бірі әкесінің және анасының қолынан ұстап Жаннатқа кіргенге дейін жалғасады.”
“Кішкентай бала әке-шешесін Жаннатқа тартады. Қазір мен қалай сенің киіміңнен ұстап тұрған болсам, бала да әкесінің киімінен осылай ұстайды.”
“Ей әйелдер! Сендерден кім өзінен бұрын ахыретке 3 баласын аттандырған болса, ол балалар оған Жаһаннамға перде болады.
Сол жерде болған әйелдердің біреуі былай деп сұрайды:
- Ей Расулуллаһ! Екі баласы өлсе де Жаһаннамға перде бола ма?
- Екеу болса да Жаһаннамға перде болады.
- Ей Расулуллаһ! Бір баласы өлгенге де Жаһаннамға перде бола ма?
- Аллаһу та’аламен ант етемін, егер анасы сабыр етіп, сауабын Аллаһу та’аладан күтетін болса, анасын тартып Жаннатқа кіргізеді.”
êêê êêê êêê
Құбыла бағыты қалай табылады? (19 mayıs 2004)
Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.
Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.