Құлдың дұғасы
Оқиға...
Құлдың дұғасы (28.05.2009)
Абдуллаһ ибни Мубарек хазреттерінің бір құлы бар еді. Бір кісі оған:
“Құлың қабірлерді тонап кебін сатып саған ақша беріп жүр” дейді.
Мұны естіп қатты ренжіді Бір түні оны аңдыды. Құлы мазаратқа барды. Бір қабірді ашып ішіне түсіп намаз оқи бастады. Абдуллаһ ибни Мубарек оны ұзақтап бақылап отырып кейін тағы біраз жақындады. Үстіндегі киімі ескі еді. Жүзін топыраққа сүртіп, жылап, ыңылдап отырды. Бұл жағдайды көріп біраз артқа шегініп ол да жылай бастады. Бір бұрышта отырып күтті. Құл таң сәріге дейін сонда болды. Кейін шығып қабірдің бетін жауып мешітке келді. Таң намазын оқып былай дұға етті:
“Йа Раббым! Таң атты қожайыным менен тағы да ақша сұрайды. Өзіңнің қазынаңнан есігіңде тұрған пақырыңа бере гөр!”
Сол мезетте көктен бір нұр түсіп құлдың қолына бір күміс ақша қонды.
Абдуллаһ ибни Мубарек бұдан артық шыдай алмады. Тұрып барып құлын құшақтап, “Сен сияқты құлға мыңдаған жан пида болсын! Бұдан былай қожайын мен емес, сенсің!..” деді.
Құл бұл жағдайды көріп Аллаһқа былай деп дұға етті:
“Йа Раббым! Пердем ашылды, сырым әшкереленді. Енді дүниеде рахатым қалмады. Ұлылығың ақысы үшін, тілге түспей тұрып мендегі аманатыңды ал!..”
Осы сөздерді айтуымен қожайынының қолында жан тапсырды.
Бала тәрбиесі...
Айтқан тілді алдыру (15.07.2009)
Бала өзін жақсы көргенді, өзімен ойнағанды, сөйлескенді, көңіл бөлгенді қалайды. Бұл нәрселерге аса қажеттілігі бар. Бала өзіне салқын, қабағын түйіп, дөрекі және қатты мәміледе болған үлкендердің оны жақсы көрмейтінін ойлайды және күйзеліске ұшырайды.