Untitled Document

АҚШ-тың ішкі соғыстарында Османдықтар (7.02.2009)

Тарих...                
АҚШ-тың ішкі соғыстарында Османдықтар (7.02.2009)
    1860 жыл. Эмигранттардың үміті саналатын жаңа құрлық АҚШ Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлініп ішкі соғыстың қарсаңында тұрған кезі. Жүйелі әскерлері болмағандықтан әскерге өз еркімен жазылатындарға мән берілді. Ал бұл орайда солтүстік жағының артықшылығы бар еді. Өйткені оларда Полковник Элмер Элсуорт сияқты білікті әскерлері болды. Шынында да Элсуорт жоспарлы түрде таңдаулы еріктілер тобының әскерлікке алынуын жүзеге асырды. Бүкіл шығыс жағалауларын аралап бүгінгі Американың негізін қалаған және соғыстарда ең көп жетістікке жеткен әскери бөлімшенің құрылуын қамтамасыз етті. Зоуаве (Zo­ua­ve) полкі! Бұл полк о бастан-ақ киген киімдерімен ерекшеленді. Киімдерінен Мұсылман мәдениетінің іздері көрінетін. Зоуаве әскерлері Османдықтар сияқты киінді. Ақ сәлделер, қызыл белдіктер және көк кительдермен соғысқан. Тарихта Зоуаве әскерлері соғыс майдандарында Оңтүстік конфедерациялық одақтарын күл талқан еткендері жазылған.
    Бұл ішкі соғыста Солтүстік бөлімшеде 50-ден астам Зоуаве полкі болды. Бұл бөлімшеге кіргендердің көпшілігін жаңа құрлыққа қоныс аударған Османдықтар құраған. Элсуорт аз уақытта осы батальонымен танымал болды.
    Кейін Солтүстік одақтың басқа полктары да Зоуаве полктарына айналды. Бұлардың бірі 146-шы Нью Иорк бөлімшесі еді. Бұл бөлімше әскерлерінің Османдық әскерлерінен айырмашылығы тек шашақтарының түсінде болды. Османдықтардың баскиімінде көк шашақтар болса, бұлардың баскиімінің шашақтары сары түсті болған. Басқа одақтағы әскерлерден ерекшелігі ішімдікке және темекіге ынтық болмайтын және әскери тәртібімен үлгі болатын.
    АҚШ эмиграциялық кеңсесінің 1500-1900 жылдар аралығындағы жазбаларында, бұл жылдар аралығында АҚШ-қа қоныс аударған 10 миллион адамның 300-нің аты Осман, 150-нің Али, 50-нің аты Ахмет болғаны көрсетілген.

     1790-1930 жылдар аралығындағы халық санағы бойынша АҚШ-та фамилиясы Әли болған 7000 адам, Осман 5 000 және 2 500 адам Ахмет деген фамилияда болған...