Untitled Document

Қабірді зиярат ету (ІІ)

Сұхбат ... (09.11.2008қаз)
Қабірді зиярат ету (ІІ)
«Қабір зиярат етуге тыйым салған едім, бұдан былай зиярат қылыңдар, өйткені ахыретті еске салып тұрады» хадис шәрифі әйелдерге де қабір зияратына баруға болатынын көрсетіп тұр. Әйелдердің хижаб киіп, ешқандай бүлікке себеп болмай анда-санда қабір зиярат етулері жаиз. (Тахтауи)
Аскери хабар берген және Мунауидің «Күнуз» кітабында келген хадис шәрифте пайғамбарымыздың: «Яхья бин Зәкәрияның (пайғамбар) қабірі қайда болғанын білгенімде зиярат қылатын едім» дегені де қабір зиярат қылудың маңыздылығын көрсетуде.
Зиярат жөнінде кейбір адасқан тайпалардың далбасаларына алданбау тиіс. Бұл жайлы әһли сүннет ғұламаларының не дегендері маңызды, сектадағылардікі емес.
Шәһидтер сияқты пайғамбарлар мен әулиелер де Аллаһ жолында тірі болады. Бір аят кәримада былай делінген: «Аллаһ жолында өлгендерге “өлі” демеңдер, керісінше олар тірі, бірақ сендер мұны түсіне алмайсыңдар!» (Бақара 154)
Сондықтан тіріге қалай құрмет көрсетілетін болса, қабір зияратына барғанда, мәйітке де сондай құрмет көрсету керек.



Сұхбат ... (13.12.2008қаз)
Айналайын асықпа!
Асығыстық жасаған адамның ісіне шайтан араласады. Адамның жаратылысында асығу бар. Бұл жағдай Құран Кәрімде былай көрсетіледі:
«Адам асығыстық ерекшелікпен жаратылған». (Әнбия 37)
«Адам көп асығады”. (Исра 11)
Олай болса, істерде асығыстық жасамау керек. Нәпсіге жағатын бірнәрсе ойға келсе, шайтан «мүмкіндікті жіберме, дереу жаса» дейді. Сондықтан ойға келген нәрсені жасамастан бұрын «Бұл іске Аллаһу Та’ала  разы бола ма? Сауап па, күнә ма?» деп ойлану керек. Күнә болмаса жасау керек. Осылайша, адам асықпаған болып саналады. Тек бес нәрседе асығу керек:
1- Қонаққа тамақ беруде.
2- Күнә істегенде дереу тәубе етіп, Аллаһтан кешірім сұрауда.
3- Бес уақытты намазды уақытын өткізбестен оқуға.
4- Балаларға дін білімдерін және намаз оқуды үйретіп, балиғатқа толғанда дереу үйлендіруде.

5- Жерлеу ісін тезірек атқаруда.