Сұхбат...
Соңғы Пайғамбарлық нұры (20.10.2009)
Дүниені қараңғы басып барады. Өйткені пайғамбарлар күн секілді. Бұдан алдын күндер бататын бірақ артынан басқа күн шығатын. Ол Расулдардың келуі жеткілікті еді. Бүкіл дүние жүзі оның берекесіне қауышатын. Мейлі иман еткен 5 адам болса да, 1 адам болса да. Өйткені күнді 5 миллиард адам жоққа шығарса да күннің қасиетін, сәулесін, нұрын, энергиясын тоқтата алмайды. Күн қашанда күн болып қала береді. Фәйзін, берекесін, нұрын беруін тоқтатпайды.
Ақыр заман пайғамбары ахыретке көшкен кезде соңғы Пайғамбарлық күні батты. Енді бұдан былай күн тумайды. Бірақ айналаны да бірден қараңғы баса қоймайды. Күн батқанда бірінші қызарып, кейін барып қараяды. Қас қараюы артқан сайын жұлдыздар пайда болып ай пайда болады. Алайда қанша дегенмен күннің орнын ешнәрсе баса алмайды.
Пайғамбарымыздың қайтыс болуынан кейін дүние аздап қарая бастады. Қайта жарық болмайтындай болып түнере бастады. Әрине аспанда күн нұрынан пайдалана алатын ай және жұлдыздар бар. Бірақ бұлар күнге жетпейді. Бұлар да күннен алғандарын береді. Мұның өзі үлкен ниғмет. Ай мүлдем болмаған жағдайда айналаны толығымен қараңғылық басады. Қараңғылық артқан сайын адамдардың соғысуы, жығылуы да арта береді. Өйткені айналаны қараңғылап жатқан харамдармен бидғаттар. Ең дұрысы күпірлер. Имам Раббани хазреттері 450 жыл бұрын “бидғаттардың көбейгені соншалықты дүние қарайып кетті” деп бұйырған. |
Мәлімет ... (24.10.2008қаз)
Кім ұзақ жасайды?
Өсімдіктер: итмұрын, мойыл, қарамық, бүлдірген - 300 жыл, арша, қарат, шырша - 400, жөке - 500, емен мың жыл өмір сүреді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, америкалық секвойя мен монгованың өсу шегі - 2500-4000 жылға, ұзындығы 100 метр, диаметрі 10 метрге жетеді екен.
Ғалымдар үнді мұхитындағы Эгоман аралынан ұстаған тасбақа 100, Лондон зоопаркіндегі тасбақа 300 жыл жасағанын анықтаған.
Құстар: алақарға - 75 жыл, жыртқыш емес құстар ішінде тотықұс - 140 жыл, үй құстары арасында қаз - 40 жыл, тауық - 20, үй көгершіні - 30 жыл, омыртқасыз жануарлар ішінде салмағы 300 килограмм моллюска 80-100 жыл жасайды екен. |